Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бішімбаев ісіндегі айыпталушы: Параны онкологиямен ауыратын балам үшін бердім

Экс-министр Бишімбаевтің ісі бойынша айыпталып жатқан Бауыржан Есмұханов параны окологиялық аурумен ауыратын баланы құтқару үшін берген. Бұл туралы оның әйелі сот алдында айтты.

43 жастағы Бауыржан Есмұханов техникалық қадағалау компаниясының директоры болған. Ол Павлодардағы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша үй салу кезінде үлкен пара берді деп айыпталуда. Прокурорлар оған 6 жыл бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу жасасын сұрады.

Есмұхановтың әйелінің айтуынша, бұл жаза күйеуі үшін тым қатал. Сонымен қатар, отбасында 2 жасар ауыр науқасты бала бар екенін айтты. Оның сүйек кемігін ауыстыру отасын жасау керек. Оған тек күйеуі ғана донор бала алады екен.

«Егер кішкентай балам ауырмағанда, “Байтерек DEVELOPMENT” арқылы салынатын құрылысқа араласпас едім. Себебі, онда қылмыстық схема болды, үйдің құрылысына инвестиция салу үшін пара беруге мәжбүр болдым», – деді кәсіпкер Есмұханов.

Тағы оқыңыз:

Астанада қонақ үй терезесі арқылы теледидар ұрламақшы болған

Әкімдіктегілер қала маңындағы зираттарды аңди бастады

Ақтауда пәтер алуға өтініш қабылдаудың соңы айқайға ұласты

Ақтөбе облысында екі баласымен үйінен шыққан әйел жоғалып кетті

Ақтөбеде желі парақшасына ұятсыз видео салған жігітке қылмыстық іс қозғалды

 

Талқылау