Әкімдіктегілер қала маңындағы зираттарды аңди бастады

Ақтөбеде әкімдіктегілер енді қала маңындағы зираттарды торуылдап, аңди бастады. Марқұмды жерлеу үшін әуелі сенімгерлік басқаруға алған мекеменің рұқсатын алулары керек екен. Рұқсаттың ар жағында айналып келгенде сол баяғы ақша беруің керек. Қысқасы, ендігәрі қайтыс болған адамды көметін жерді сатып аласың.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Ал биліктің бұл талабына көнбегендерге  онымен қоймай, 100 000 теңгеге дейін айыппұл төлетеді.

Жолдыбай Ізмағамбет халыққа тиесілі жерді жекенің қолына беріп қойған әкімдікке наразы. Айтуынша, зират киелі жер. Сондықтан оны саудаға салуға болмайды. Ал билік енді қайтыс болған адамдарды жерлейтін алақандай жерді  сатуға шығарды. Ал осы қорымдарды сенімгерлік басқаруға алған мекеме болса қара халыққа ойларына келгенін көрсетіп жатыр дейді. Сөзінше марқұмды жерлеу үшін  жерге рұқсат алу былай тұрсын, ақысы да күн сайын өзгереді дейді.

“Сенім басқармасы көміп береміз дейді 30-35000-ға. Ал қазір бағаны әркімге әртүрлі айтады. Біреуге 80 000 дейді, біреуге 90 000 дейді, біреуіне 60 000 дейді. Ешқандай тәртіп жоқ. Калькуляцияда қаралған 35 000 жоқ”, – дейді Жолдыбай Ізмағамбет.

Қазір ақтөбеліктер қайтқан адамды бұрынғыдай зираттың тегін жеріне апарып көме алмайды. Өйткені  қала маңындағы қорымдар жекеге өткеннен кейін  түгелдей күзетке алынып, күнде рейд жүргізілетін болған. Алайда осы Ақтөбедегі 49 зиратты сенімгерлік басқаруға алған мекеме мамандары болса  марқұмдардың санын базаға толық тіркеу үшін осындай қадамға барып жатырмыз дейді. Ал жерлеуге төленетін ақы жергілікті әкімдікпен келісілген екен.

“Біз барлық қорымдарға күнде рейд жүргіземіз. Біздің қызметкерлер барлығын түгелдей аралап шығады. Өйткені көп адамдар марқұмдарды тізімге қоймай көме салады. Бізден рұқсат алмайды. Ал біз көз жұмған адамды жерлеу үшін алдымен өлгендігін растайтын анықтама, жеке куәлігін сұратамыз. Өйткені біз ол адамды базаға тіркеуіміз керек”, – дейді салттық қызметтердің біріңғай орталығының маманы Светлана Юмашева.

Алайда облыстың басшысы Бердібек Сапарбаев зираттарды жекеге беріп,  тәртіпке келтіріп жатырмыз дейді.

“Ол зираттардың ішінде тәртіп болу керек. Жерді адамдарға сатқанда да заңдылығына сәйкес болу керек. Ол қоршалу керек. Оны мал баспау керек. Ол жерде адам жатыр ғой. Міне, соның бәрін реттеуіміз керек”, – дейді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Тұрғындарға марқұмдарды белгіленген қоршаудың сыртына яғни рұқсатсыз жерлейтін болса, жүз мың теңгеге дейін айыппұл салынады деп ескертпе іліп қойған.

Тағы оқыңыз: 

Ақтауда пәтер алуға өтініш қабылдаудың соңы айқайға ұласты

Ақтөбе облысында екі баласымен үйінен шыққан әйел жоғалып кетті

Ақтөбеде желі парақшасына ұятсыз видео салған жігітке қылмыстық іс қозғалды

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде Қазақстан географиясы оқытылмайды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар