Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық желі қолданушылары “жергілікті банандарды” айтып дауласты

Болжам бойынша, бірнеше ғасыр бұрын еліміздің оңтүстік өңірінде жабайы банандар өсірілген. Кейіннен олар адам қолынан жойылып кеткен.

d2fff54896f837086c02b73317cae91e

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Ғаламторда сатушының «Жергілікті банандар» деп сатып жатқан суреті таралып кетті. Болжамға  сенсек, ол шынында да жергілікті банандарды сатып жатқанға ұқсайды.

Бүгінде Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында банандар жылыжайда өсіріледі. Олар бұл істі бірнеше жылдан бері қолға алған. Қазақстандық банандар экваториалды банандардан әлдеқайда дәмділігімен, сулылығымен ерекшеленеді.

Мамандардың айтуынша, банандарды ірі көлемде өсіру үшін селектрлі жұмыс атқару керек. Бұған жаһандық жылу да оң әсерін тигізеді. Енді бірнеше қыс өткен соң банандарды Шымкент пен Қызылордада жылыжайдан тыс жерде өсіруге болады.

Банандар калий мен магнийге бай жеміс. Тіпті, бір банан адамның жүйке жүйесін қалыпқа келтіруге көмектеседі екен.

Алан Исаев

Жіберіп алмаңыз:

Бананның пайдалы қасиеттері

Талқылау