Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түнде жүрмеңіздер: Жедел жәрдем дәрігері Алматыдағы қантөгістер жайлы айтты

Алматыда жедел жәрдем қызметкері бір күнде болған қантөгіс жайлы айтты. Жастар арасындағы төбелестің жиілеп кеткеніне алаңдады, деп хабарлайды Stan.kz.

«Жұма күні таңғы сағат 05-00-де жедел жәрдемге қоңырау түсті. Алматыдағы Райымбек пен Сейфуллин көшесінің қиылысына бардық. 20 жастағы жігітті түнгі клуб алдында аяусыз пышақтапты. Мал секілді азаптаған. Асқазаны ақтарылып жатты. Дереу көлікпен ауруханаға жеткізді. Біздің алдымызда ғана әріптестерім Наурызбай мен Қабанбай көшесі қиылысынан ауыр жарағаттанған екі жігітті ауруханаға әкеліпті. Өлтіруге бекінгендей. Жарақаты өте ауыр. Кеуде тұсынан соққы жасаған. Біз келіп үлгерместен, тағы қоңырау келді. Тағы бір жігітті пышақтап кеткен. Зардап шеккендер оқиға болған жерден кетіп үлгеріпті. Мүмкін жалған хабарлама болған шығар. Мүмкін әдейі әкеткен шығар. Бірақ мұны қалай бағалауға болады? Алматы не болып барады? Қазақ бірін бірі пышақтап жатыр. Қансыздар, қаскөйлер көбейіп кетті. Оларды жазалап жатыр ма? Мұны бұлайша қалдыруға болмайтын секілді. Бір шешімі болу керек қой», – дейді жедел жәрдем қызметкері Зухра Табаева.

Айтуынша соңғы кездері жастар арасында өзіне қол сұғу оқиғалары жиілеп кеткен. Бір күнде үш жігіт асылып қалып көз жұмғанын мәлім етті.

«Ал, осы күні түн ішінде жап жас қалалық жігіттің асылып тұрған жеріне бардық. Отбасы жақындары үшін мұндайды көру ауыр. Мәңгі есте қалады. Ал, полицейлер мұның бір күндеі үшінші өлім екенін айтты. Оның бәрі өзіне қол жұмсағандар. Қымбатты достар, түн ішінде қыдырмаңыздар. Бір бірлеріңізді қорғаңыздар. Жақындарыңызға жақсы сөздер айтыңыздар. Соңғы қайғылы жағдайға жететіндей күйге түсірмеңіздер. Бір отбасында бір адам жауапты болу керек. Бәріне бас-көз болу керек», – деп жазады Зухра Табаева желіде.

Желі қолданушылары қызметкердің сөзін қостады. Жастардың қазіргі тәртібі мен тәрбие мәселесінің өзектілігін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау