Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірбеткей ұры зейнеткердің төстартқышында тұрған ақшаны ұрлап кетті (фото)

Өзінің сүйікті туфлиін сатып алу үшін дүкенге келген әжей сол сәттен бастап басынан қызықты жағдайларды өткерді.

vor-ukral-u-bednoj-starushki-600-rasplata-ne-zamedlila-sebya-zhdat_d0a7a7aae2c4fc788c0175c557da157a

Нью-Йорк тұрғыны Мария Васкестің жасы 93-те. Үш мәрте инсульт алған ол қазір Шығыс Гарлемдегі ардагерлер үйінде тұрып жатыр. Үнемі мүгедектер арбасында отыратындықтан ол көшеге де сирек шығатын.

Жақында Мария өзіне аяқ киім сатып алмақшы болады. Ол дүкенге барар алдында 600 доллар болатын ай сайынғы зейнетақысын алып алады. Банкте жүргенде Мария сыртынан қарап тұрған жас жігітті байқайды. Ол әжейдің банктен чек алған сәтін көріп тұрған. Алайда зейнеткер бұған онша мән бермейді. Алайда киім дүкенінде орын алған жағдай әжей үшін расында күтпеген жайт болды.

vor-ukral-u-bednoj-starushki-600-rasplata-ne-zamedlila-sebya-zhdat_959eae8ad859c0dcff5254c546c01852

Үлкен кісі арбада отырып, асықпай аяқ киім таңдап жатқан кезде жас жігіт оның төстартқышында тұрған конвертке салынған 600 долларды қақшып әкетеді. Зейнеткер не болғанын енді ғана түсініп, көмек шақырамын дегенше ұры ізін суытып үлгереді.

vor-ukral-u-bednoj-starushki-600-rasplata-ne-zamedlila-sebya-zhdat_25099173ed26c773a43a3c5e3953a609

Бақытқа орай ғимараттағы бейнебақылау камерасы барлық жағдайды түсіріп тұрған екен. Екі күн өткен соң полицейлер ұрыны өз үйінде ұстады. Бруклинде тұратын 26 жастағы жігіт бұған дейін бірнеше мәрте ұрлық әрекетін жасаған.

vor-ukral-u-bednoj-starushki-600-rasplata-ne-zamedlila-sebya-zhdat_3ea01fabf2d44e03df9db783ab55d4ac

Ал дүкен иесі болса Марияға өтемақы ретінде 600 доллар қолма-қол ақша табыстады. Сонымен қатар, оған туфли сыйлап көңілін көтерді. Ал Нью-Джерси мэрі Феликс Рок болса әжейге 1000 доллардың чегін табыстаған.

vor-ukral-u-bednoj-starushki-600-rasplata-ne-zamedlila-sebya-zhdat_ecee2507f363f4838ffcb3db4c8d7bb0

Бірақ, ғажайыптар мұнымен де аяқталмайды. Қала тұрғындары онлайн түрде ақша жинап, Марияның қолына 2000 доллар ұстатқан. Әжей болса бейтаныс адамдардың осыншалықты мейірімі мен ықыласына таңқалғанын жасырмайды.

vor-ukral-u-bednoj-starushki-600-rasplata-ne-zamedlila-sebya-zhdat_346fa0e9e72d2be077e9d1d4c45991e1

Бұл өз кезегінде жер бетінде жақсы, жүрегі жұмсақ адамдардың көп екенін айғақтай түседі.

Оқи отырыңыздар:

Қарағандылық өз пәтерінен жапон әйелі кейпіндегі елес көрді

Қытай тұрғындарын қала ішінде басып кете жаздаған алып шар қатты қорқытты (видео)

Қытайлық жұбайлар 54 жыл бойы үңгірде өмір сүрген (фото)

Күйеуін ит секілді қарғыбаумен сүйреп жүрген келіншек көрген жұртты таң қалдырды (фото)

Талқылау