Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір топ күзетшімен жүретін Ninety one тобы кімнен қорқып жүр?

2016 жыл Ninety one тобы үшін «Қара PR» жылы болды. Себебі еліміздің әр аймағында тұрғындар бас көтеріп, топтың концерт қоюына қарсы шықты, кейбір мәдени ошақтар 91-ге қызмет көрсетуден бас тартты. Соның салдарынан топтың жоспарланған 5-6 бірдей концерті өтпей қалған еді.

14753664688111

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ал биыл бәрі басқаша. Қызылды-жасылды шаш пен сырға таққан жігіттерге елдің көзі үйреніп қалғандай… Ninety one-ның әндерін тыңдайтын жандар күн санап артып барады. Жастарды былай қойғанда, ересектердің өздері бұл топтың жақтаушысына айналған. Десе де, топ жігіттерінің имиджіне көңілі толмайтындар әлі де баршылық. Дәл осы себепті болар, жуырда ғана ел аумағында өткен турнеде жігіттер мәдениет үйлерінде емес, жеке мейрамханаларда концерт өткізуге мәжбүр болған. Күзетші ертіп жүретіндері тағы бар. Сонда бес жігіттен тұратын топ кімнен қорқып жүр?

Бұл сұраққа Ninety one жігіттері Алмас Мұсабековке берген сұхбаттарында жауап берді.

«Жеке бастың сақтығы бар. Жалпы «сақтықта қорлық жоқ» дейді ғой. Жеке бастан гөрі бізге келетін адамдар көбінесе жастар болғандықтан, жастарға қарау керек, тыныштықты сақтау керек болады. Сол себептен бізге сақшылар міндетті түрде керек.

Ал мейрамханалар жайына келсек, мысал үшін екі қалада концерт мәдениет үйінде емес, басқа жерде өтті. Мәдениет үйлерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, олар бере алмады. Ал қалғандарында бәрі тегіс», – дейді 91 тобы.

Жігіттердің айтуынша, былтыр қарсы шығып, талай концертке тосқауыл болған жандар биыл саябырсыған.

«Қуанышымызға орай, ешқандай аяқтан шалулар жоқ» деп қуанды жігіттер.

«Қара PR-ға әбден тойдық. Бізге керек емес, жетеді. Ол нәрсе өзіміздің қалауымызбен болған жоқ. қара PR жасаймыз-ау деп жасаған жоқпыз, ал қазір біз өз күшімізбен таратқымыз келеді ол нәрсені.

Біз басқа жолмен танылғымыз келеді. Тек бұлай емес. Яғни сырт келбетке айтылар сын арқылы емес, музыкамен, өнермен, бәсекелестікпен, т.б. Бірақ тек қана былтырғыдай емес», – дейді 91 тобының әншісі.

Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” тобы: Димаштың стилі біздің ACE-тікіне ұқсайды

Айсәуле Бақытбек көліктің үстінде жаттығу жасаған видеосын бөлісіп жігіттерді еліктірді (видео)

Диана Шарапова қырқынан шыққан сәбиінің суреттерін көрсетіп жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Баян Мақсатқызы: Бізде әйелді ұру дәретханаға барып келгенмен тең

Талқылау