Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек көліктің үстінде жаттығу жасаған видеосын бөлісіп жігіттерді еліктірді (видео)

Айсәуле Бақытбек көліктің үстінде тұрып жаттығу жасаған видеосын бөлісіп, құрбылар арасындағы эстафетаны жалғады.

20225925_1902681593315433_8438637943727325184_n

Сурет: Айсәуле Бақытбектің жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айсәуле Бақытбек екіұшты ой салған жазбасын бөлісті. Бастапқыда ол 16 жасында тым аңғал болғанын айтса, артынша өзіне кездескен жігіттердің көңілінде күдік ұялатқанын сөз етеді. Бұдан кейін бақытты екенін, алдағы уақытта жаңа достармен араласпауды жөн көргенін айтады. Мұнымен қатар, бойжеткен көліктің үстінде тұрып жаттығу жасаған еліктірерлік видеосын бөлісті.

“Құрбым екеуіміз осы жерге жуырда ғана келген сияқты едік. Бірақ, ол кезде екеуіміздің де өмірге деген көзқарасымыз бен мақсаттарымыз мүлдем басқа болатын. 16 жасыңда жүрегіңді ешкім жараламайтындай, жұмыстан қумайтындай, жақындарың сатқындық жасамайтындай көрінеді. Алайда жыл сайын сәбидей пәк күйін сақтаған жандардың саны азая береді. 19-22 жасыңда бұрынғыдай “Жұма күні кешке қайда барсам екен?” деп ойламайсың. Біреулер бұл уақытта бизнес бастаса, екіншілері түрмеге түсіп жатады. Менің жағдайымда танысым түрмеге түсіп қана қоймай, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Біреулер тойына әзірленсе, екіншілері әлі күнге дейін есірткі мен құмар ойындардың құрсауында жүр. Өзімді бақытты жандардың қатарына қосар едім. Себебі, менің жақындарым тек жақсы жаққа өзгерді. Бейтаныс жігіттер көңілімде күдік тудыратын. Қысқасы 21 жасымда жаңа достар іздемеуді жөн көрдім”, – дейді Айсәуле Бақытбек.

Публикация от @aissaulebakytbek

Желі қолданушылары бойжеткенді жоғарыдағы видеосы үшін ұрысып тастады. Арасында оны жақтап, видеоның еліктірерлік екенін ашып айтқандар да болды. “Орыс ойына келгенін істейді деген осы болар”, “Джиптің үстінде жаттығу жасап мақтанудың не қажеті бар?! Спортпен жерде тұрып та шұғылдануға болатын сияқты”, “Желіге не саларын білмей жүр”, “Айсәуле, сені көбісі көре алмайды. Тек қана алға”, “Спортпен айналысып жатыр. Жарайсың”, “Жер көтермей ме? Білгенін істейтін заман келді”, “Жарайсыз! Ол қалағанын істеп жүр. Жастық шақты сынамаған жөн”, “Ән өте керемет екен” деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Кәмшат Жолдыбаева купальникпен түскен видеосы үшін жұрттан сөз естіді (видео)

Баян Есентаева тағы да Алматы әкімдігіне шағымданды (видео)

Диана Шарапова қырқынан шыққан сәбиінің суреттерін көрсетіп жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Ақботаны қорғаған Ләйлә Сұлтанқызы жұрттың сынына ұшырады (фото)

Талқылау