Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір топ адам қыз зорлады деп күдіктелген 20 жастағы жігітті қолтырауынның аузына тастады

Мексиканың Сан-Франциско-Ихуатлан қаласында қыз зорлады деген күдіктіні қолтырауыннын аузына тастады.

Бір топ адам қыз зорлады деп күдіктелген 20 жастағы жігітті қолтырауынның аузына тастады

20 жастағы жігіт қыз зорлады деп күдіктелген. Ол өзге де екі әйелді зорлады деген күдікте болған. Жәбірленушінің бірін  бірін өлтірмек те болыпты.

Полицей бөлімшесінің алдына келген бір топ адам күдіктіні талап етеді. Олар түрмеге басып кіріп, күдіктіні шағырып алған. Полицейлер оларды тоқтата алмады.

Топ адам күдіктіні жақын жердегі баққа апарады. Оны ішкиіміне дейін шешіндіріп, екі қолтарауын жатқан торға лақтырып жібереді. Оны полицейлер құтқарып қалды.

Қолтырауындар жігітті жеп үлгермегенімен ол адамдардың қолынан айтарлықтай жарақат алған. Оны ессіз күйде емханаға алып кетті. Топ адамдарынан құтқару үшін күдіктіге қарауыл қойылған.

Тағы оқыңыз: 

Қарағанды облысында әжей үш күннен бері далада түнеп жатыр

Тележүргізуші: Өмірдегі Сәуле ұнамай жатса, экрандағыдай Ақжүніс болуға міндетті емеспін

Әлем картасында жаңа мемлекет пайда болды

Талқылау