Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір отбасы джек-поттан ұтқан 1 миллион долларды ішімдік ішіп құртқан

Ресейдің Башқұртстан республикасының астанасы, Өфө қаласында тұратын Рустем және Надежда Мухаметзяновтар отбасының лотерея ойынынан ұтқан 1 миллион долларды 15 жыл ішінде ішімдік алып тауысқан.

insult-alkogol-2-1024x768

Бұл туралы Комсомольская правда хабарлайды.

2001 жылы Рустем Мухаметзянов дүкеннен азық алып тұрып, сатушының ұсынысымен қалған ақшасына ұтыс билетін ала салған екен. Сөйтіп, бұл отбасы 2001 жылы, ол кездегі ұтыс сомасы 28 млн. рубль болатын «Бинго-шоу» ойынының джек-потын ұтып алған. Бұл ақша сол уақыттағы бағам бойынша тура 1 млн. АҚШ долларын құраған.қарапайым отбасы осылайша аяқ астынан байып шыға келеді. Олар туралы орталық телеарналарда сюжет жасап, хабарланған да болатын.

Миллионерлердің туыстары үйіне ұрлыққа түсіп, талай рет шабуыл жасаған екен.

Ұтыс қолдарына тигеннен кейін отбасы мүшелері түгел арақ ішіп кеткен. Сол аралықтан бері олардың ешқайсысы жұмысқа тұрмаған. Олар тек арақты ішіп жата берген. Ара-тұра туған-туыстарына бағалы сый-сияпат сыйлаумен болған. Миллионерлер жұртқа да қарызды жиі беріп тұрған екен.

Сөйтіп жүріп, Өфөнің орталығынан бірнеше элиталы үйді сатып алып та үлгерген. Екі пәтерді үй иелері болашақ ұлдарына бермекші болған. Мухаметзяновтар қалған ақшаларына отандық екі машина сатып алған.

Бертінде отбасының анасы бқайтыс болған. Ал, әкесі мен ұлдары сатып алған пәтерлердің бірінде тұрады. Балалар көшеге көп шыға бермейді. Олар тек әкелері кезекті ішуге кетіп қалғанда ғана азық-түлік сатып алу үшін дүкендерге барып қайтады. Надежда Мухаметзянованың бар кезінде бұл үйде бір мезгілде 30 мысық дейін асыраған екен. Оларға жаны ашығандықтан әйел көшеден ертіп әкеліп жүрген. Көршілері бұл пәтерде қазір де мысықтардың баршылық екенін айтады.

Бұл үйден әлі ешкім де жұмысқа тұра қоймапты. Екі ұлдың бірі 27-де, екіншісі 25-те болғандарына қарамастан, осы уақытқа дейін еш жерде жұмыс істеп көрмеген. Олар бұрын сатып алынған пәтерлерді жалға беру арқылы күндерін көруде.

Талқылау