Бір күнде дүниеге келген сәби мен күшік өздерін бауыр санайды
Мына сүйкімді француз бульдогын Иветта Ивенс бір көргеннен ұнатты. Күшіктің өз ұлымен бір күнде дүниеге келгенін білгенде Ивенна мұны тағдыр деп түсінді. Шамамен бес айдан бері Фарли есімші күшік Иветтаның отбасында тұрады. Диланға қарайласатын сүйкімді күшіктің Иветтаға көп көмегі тиеді екен. Бала мен күшіктің арасындағы достық сезімді жоғары бағалайтын Иветта олардың суреттерін Инстаграмдағы парақшасында жариялап жүр.
Бұл туралы баланың анасы Инстаграмдағы парақшасында жазған.
«Фарли күшігі нақ бір сәбидің өзі секілді өте нәзік әрі ұқыпсыз».
2. «Екеуі бірге тамақтанады, тіпті, ваннаны бірге қабылдайды».
3. «Фарли Диланмен бірге ойнайды және бала ұйықтап жатқанда дыбыс шығармауға тырысады».
4. «Оларды бірге көру мені қуанышқа бөлейді».
5. «Дилан тамақтанып болғаннан кейін Фарли оның артын жинайды».