Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір бүйрегі жоқ: Қатерлі дертке шалдыққан Жаңа-Зеландия тұрғыны Димаш үшін Қазақстанға келді (фото, видео)

Қытайда өткен «I am singer» байқауы Димаштың атын әлемге танытқан жоба! Қазіргі таңда қазақ баласының өнеріне тәнті болған табынушылардың санында шек жоқ! Солардың бірі Жаңа-Зеландия елінің Рай Уорд есімді 63 жастағы азаматшасы. Егде жастағы жанкүйер жақында Алматыға арнайы келген. Алатау баурайына ат басын бұрған шет елдік қонақпен, Stan.kz ақпараттық агентігінің тілшісі сұхбаттасып қайтқан болатын.

Бір бүйрегі жоқ: Қатерлі дертке шалдыққан Жаңа-Зеландия тұрғыны Димаш үшін Қазақстанға келді

«Мен Димашты былтырғы жылдың қыркүйегінде ютубтан көріп қалып, өнеріне таң қалдым. Содан бері оны жақсы көремін, тыңдаймын Ол туралы көптеген видеоларды көрдім. Оның апасының қолында өскені туралы оқыдым. Осынша тәрбиелі болып, қалай өскені жайлы білгім келді. Қазақстанның салт-дәстүрін, мәдениетін білу үшін келдім. Димашқа қарап, қазақ халқының балаларды ізетті әрі сыпайы етіп қалай тәрбиелейтінін білу үшін келіп отырмын», – дейді Рай Уорд.

Алпысты алқымдаған жанкүйердің екі ұлы және 10 мен 13 аралығында сегіз немересі бар екен. Әжесі балаларының Димашқа ұқсағанын қалайды екен.

Бір бүйрегі жоқ: Қатерлі дертке шалдыққан Жаңа-Зеландия тұрғыны Димаш үшін Қазақстанға келді

«Бастапқыда балаларым жай ғана Димаштың өнеріне уақытша қызығатын шығар деп ойлады. Соңында аналарына көңіл-күй сыйлап, өмірге деген құштарлығын арттырып, әлем бойынша достарды тапқанына олар өте қуанышты болды. Сондықтан мені Қазақстанға жалғыз жіберді. Негізінде үйде болған кезде, балаларым мені көп іздемейтін. Қазір қайта-қайта қоңырау шалып, жиі хабарласып жатыр», – дейді 63 жастағы шет елдік фанат.

Бір бүйрегі жоқ: Қатерлі дертке шалдыққан Жаңа-Зеландия тұрғыны Димаш үшін Қазақстанға келді

Кейуананың денсаулығы да көңіл қуантарлық емес екен. Тіпті осыдан бір жыл бұрын төсек тартып жатқан. Бірақ Димаштың әндерін тыңдап, өмір сүруге деген құштарлығы артыпты.

«Менің бір ғана бүйрегім болғандықтан, бір бөлмеден екінші бөлмеге жете алмайтынмын. Қатты күйзеліс болды, бүкіл денем қатты ауырды. Сол кезде мен Димашты тыңдаған сайын, ол маған психологиялық көмек беріп және де менің ауырғанымның барлығы басылды. Менің отбасым да Димашқа алғыс айтып жатыр», – дейді Рай әже.

Бір бүйрегі жоқ: Қатерлі дертке шалдыққан Жаңа-Зеландия тұрғыны Димаш үшін Қазақстанға келді

Десек те, көңілінде үміттен гөрі, күдік көп! Өйткені, осыдан 7 жыл бұрын Жаңа-Зелендияда болған табиғат апаты, қарияның денсаулығына кері әсерін тигізген. Қазақстанға келуді мұрат тұтқан ол, күніне 2 шақырымдай бассейнге жүзіп, 20 келі салмақ тастағанын айтады.

«2011 жылы 7.1 балдық жер сілкінісі болды. Мыңдаған үйлер құлады. Сол кезде мен үйім мен дүкенімді жоғалттым. Тағы да бір айдан кейін менде «бүйрек ісігі» пайда болды. Маған осыдан жеті жыл бұрын енді екі жыл ғана өмір сүруіңіз мүмкін деп айтты. Бірақ түрлі дәрумендерді ішіп, жақсарып қалған едім. Жақында дәрігерлер қатерлік ісіктің қайта асқынғанын жеткізді. Сондықтан Қазақстанға келуді жөн көрдім. Өйткені, келешекте не күтіп тұрғанын білмеймін ғой», – дейді Димаштың егде жастағы жанкүйері.

Бір бүйрегі жоқ: Қатерлі дертке шалдыққан Жаңа-Зеландия тұрғыны Димаш үшін Қазақстанға келді

Рай ханым, бүгінде қазақ тілін меңгеріп жүр. Ол таяуда Димаштың Қытайда өткен концертін де тамашалап қайтыпты. Бірақ кумирімен бетпе-бет жүздеспегенімен, әншінің ата-анасымен кездескенін айтады. Қазіргі таңда шет елдік қонақ Алматыда. Жақын күндері Ақтөбеде өтетін балалар байқауына бармақ. Өйткені, аталмыш шарада Димаш Құдайбергенов өнер көрсетеді.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау