Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір-біріне ұқсайтын жігіттер бірдей қыздарға үйленді

Қытайда бірдей егіздердің үйлену тойы болды. Бұл туралы The Mirror хабарлады.

26 жастағы Чжэн Дашуан (Zheng Dashuang) мен Чжэн Сяошуан (Zheng Xiaoshuang) 23 жастағы Лян Цзин (Liang Jing) мен Лян Цин (Liang Qing)неке куәлігіне қол қойды.

2 жұп та бірдей киінген. Күйеу жігіттер қара костюм, қара шапка және қызыл бабочка киді. Ал, қалыңдықтар ақ көйлекте және бірдей шаш үлгісімен шықты. Олар еріндерінің түсін жігіттерінің бабочкаларымен түстес етіп бояды.

Жұптардың отбасылары 10 жылдан бері бір-бірімен таныс болған. Той 3 желтоқсанда Дацин қаласы, Хэйлунцзян провинциясында өтті. Салтанатты тойларының видеосы қытайлық әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кейін батыстық баспасөздің басты тақырыбына айналды.

The Mirror-дің хабарлауынша, егіз жігіттердің ұқсастығы сондай  ДНҚ сынақ арқылы қайсысының баласы қайсысынікі екенін анықтай алмайды.

Тағы оқыңыз:

Әйеліне акула шабуыл жасаған сәтін күйеуі видеоға түсіріп алды (видео)

Талқылау