Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биологтар Қостанайда табылған жұмбақ құрттың құпиясын ашты

Ол бар болғаны әлдебір жануардың іш құрылысының бір бөлігі болып шықты. Оны тапқан Бағаналы ауылындағы мектептің от жағушысының айтуынша, көкшіл-қызыл түске боялған дененің жанында шөп-шалам мен дәннің де қалдықтары болған.

Безымянный

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Қостанайлық биологтар өзге планеталық тіршілік иесін таптық деп жар салғандардың көңілін су сепкендей басты. Олар мектеп қазандығынан табылған жұмбақ құрттың құпиясын ашты. Мамандардың айтуынша, таң қалатын түк те жоқ.

Ол бар болғаны әлдебір жануардың іш құрылысының бір бөлігі. Оны тапқан Бағаналы ауылындағы мектептің от жағушысының айтуынша, көкшіл-қызыл түске боялған дененің жанында шөп-шалам мен дәннің де қалдықтары болған. Тіпті тісінің де бар екендігін айтып, өзгелерді сендіріп баққан еді. Тісі де, тырнағы да, тіпті қан айналым жүйесі де жоқ ағзаны енді мал дәрігерлері де тексерістен өткізіп көрмекші. Содан кейін гистологиялық сараптама жасап, нақты жауабын айтамыз деп отыр.

Талқылау