Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда билбордтардағы жарнама бизнесі “көлеңкелі” жүріп жатыр

Келісімшартта жарнамадан түскен қаражаттың 20 пайызы қала бюджетіне түсуі қажет деп жазылған. Бірақ көбіне бұл компаниялар кіріс көзі болмады деп көрсетеді. Сәйкесінше олардан бюджетке бәлендей пайда түсіп жатқан жоқ.

bilboard

Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек мәлім етті.

“Астана көшелерімен жүретін болсаңыздар, билбордтардың қаншалықты әдемі екендігіне көз жеткізуге болады. Олар өзгеріп, құбылып көз жауын алады, жарықпен жарақталған, барлық сымдар жер астымен өткізілген. Егер Алматыға келсеңіз, онда үлкен, қара, ұсқынсыз билбордтарды көресіздер. Олар оның үстіне көлденең орналасқан. Себебі тәртіп бойынша, олар жүргізушілерге және қала тұрғындарына кедергі келтірмеуі тиіс. Сымдары салбырап, жарығы сөніп тұрады. Дағдарысқа байланысты олардың дені бос тұр. Себебі адамдар алдымен маркетинг пен жарнамадан үнемдеуді жөн көреді”, – деп жауап берді Б. Байбек тілшілердің қаладағы билбордтар туралы қойған сауалына.

Оның мәліметтері бойынша, Алматыда бүгінде 2 мыңға жуық билборд бар.

“Ол өте ыңғайлы әрі жеңіл бизнес. Себебі сіздер бағана орнатып, бір билборд орнатасыз, ол айына аз шығынмен 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін кіріс әкеледі. Дегенмен бұл “көлеңкелі” бизнес екендігін айта кеткен жөн”, – деп атап өтті әкім.

Оның ескергеніндей, қалалық бюджет жарнамадан 20 пайыз салық алуы тиіс. Алайда ол орындалып жатқан жоқ.

“Келісімшартта жарнамадан түскен қаражаттың 20 пайызы қала бюджетіне түсуі қажет деп жазылған. Бірақ көбіне бұл компаниялар кіріс көзі болмады деп көрсетеді. Сәйкесінше олардан бюджетке бәлендей пайда түсіп жатқан жоқ. Бірақ ең бастысы – ол билбордтарға тұрғындар наразы”, – деді ол.

Оның сөзінше, 2 мың билбордтың 500-і алынып, заманауи билбордтарға алмастырылды. Ол шетел туристерін тарту үшін де жасалуда.

Талқылау