Билбордтағы құттықтау: Динара Сәтжан атасын мақтан тұтады (фото, видео)

Сенбі, 10 Маусым , 2017 22:34

Жуырда ғана «Қазақстан» арнасы басшысының кеңесшісі болып тағайындалған Динара Сәтжан ардақты атасының 80 жасқа толғанын хабарлады. Танымал тележүргізуші Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында атасының суретімен қойылған билбордты көрсетіп мақтанды.

сатжановы 100617

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Динара Сәтжанның атасы Қамзе Сәтжан Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы. Ол кезінде өз өлкесінде ауданындық атқару комитеті төрағасының орынбасары, ұзақ уақыт орман шаруашылығының директоры қызметтерін атқарыпты. Одан өзге, бірнеше мәрте аудандық кеңестің депутаты болып сайланған.

«Біздің атамыз тек өз ауданына емес, барша отандастарына көп жақсылық жасады. Атам Жаңаарқа ауданында биіктігі 200 метр болатын телемұнара орнатты, ал 2007 жылы Астанада мемлекеттік мұражайға Абылай ханның шапанын өткізді. Бұл шапан біздің отбасымызға ұлы Байдалы би бабамыздан қалған. Бірақ ең бастысы, атамыз біздің барлығымызды бағып-қағып, өсірді. Атамның алты баласы, 11 немересі мен 8 шөбересі бар», – деп жазды Динара Сәтжан.

Аталарының 80 жасқа толуына орай балалары мен немерелері оған тосынсый әзірлеп, мерейлі жасын мейрамханада ұйымдастырып берген.

Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Исабековаға 101 раушан гүлін сыйлаған жігіт кім?

Тұрсынбек Қабатовтың қызы ЭКСПО-ның ашылуында өнер көрсетті (видео)

Футболдан ӘЧ-2017: Қазақстан әртістері Сербия құрамасын жеңіп, финалға шықты (видео)

Қайрат Нұртас Ресей әртістерімен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар