Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бикини аймағын қырудың қауіптілігі анықталды

Дәрігерлер бикини аймағын қыру әйелдердің денсаулығына зиян тигізуі мүмкін деп санайды.

Бикини аймағын қырудың қауіптілігі анықталды

Бұл туралы The Independent хабарлады, деп жазады  Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлыбританияның акушер-гинекологтар колледжінің гинекологы Ванесса Маккейдің айтуынша, бикини аймағындағы түктер әйелдің гигиенасын сақтау және қабыну ауруларынан қорғау үшін қажет.

«Түктер жыныстық аймақтың вирустармен және бактериялармен байланысқа түспеуін қамтамасыз етіп, теріні қорғайтын табиғи тосқауыл жасайды. Ол аурулардан және теріге байланысты туындайтын қиындықтардан қорғайды және шаң мен патогенді бактериялардың ағзаға түсіп кетуіне жол бермейді. Сондай-ақ, түктер саңырауқұлақ инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін азайтатын жыныстық аймақтың ылғалды болып тұруын бақылайды»,-дейді гинеколог Ванесса Маккей.

Сонымен қатар, қырыну немесе ыстық балауызбен түкті алып тастау микроскопиялық жаралар мен қабынуды тудыруы мүмкін түк түйіншесін зақымдайды.

Оның үстіне, түктер жыныстық жолмен берілетін аурудан мысалы, папиллома вирусынан зардап шегетіндермен байланысқа түсу кезінде ауру жұқтыру қаупін төмендетеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау