Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биік өкшелі аяқ киімсіз ұзын көрінудің жолы табылды

Сән сарапшылары биік өкшелі аяқ киімсіз-ақ ұзын көрінуге мүмкіндік беретін бірнеше әдісті атады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Биік өкшелі аяқ киімсіз-ақ ұзын көрінудің жолы табылды

Сарапшылар ұзын көріну үшін бірінші кезекте тік сызықты шалбар немесе комбинезон сатып алуға кеңес береді. Дегенмен, мұндай сызығы бар шалбарлар тек тобықты жауып тұрған кезде ғана аяқты ұзын қылып көрсетеді.

Екіншіден, биік өкшелі аяқ киімнің орнына жалпақ табанды өткір тұмсықты туфли кисе де, аяқ айтарлықтай ұзын көрінеді. Өткен жазда танымал болған мюли де осындай әсерге ие. Бұл аяқ киімнің артықшылығы ашық өкшенің арқасында аяқ көзге ұзын болып көрінеді. Оларды ақшыл түсті аяқ киіммен де ауыстыруға болады.

Сондай-ақ, белден жоғары тұратын киімдерге де артықшылық беру керек. Мысалы, бойын ұзын көрсеткісі келген қыздарға қарындаш пішінді белдемше немесе мықынды жауып тұратын джинсы кию ұсынылады.

Соңғысы тізеден жоғары тұратын аяқ киім. Бұл аяқ киімді белдемшемен (юбка) немесе көйлекпен киюге кеңес беріледі. Себебі, оның ұзындығы ол киімдердің шеттерін жауып тұрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау