Бейжің олимпиадасына қатысқан тағы 6 спортшыдан допинг табылды

Бейсенбі, 14 Шілде , 2016 15:42

Бейжің олимпиадасына қатысқан тағы 6 қазақстандық спортшыдан допинг табылды. Бұл туралы Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) ресми сайтына сілтеме жасап, «Аламан» хабарлады.

допинг

Ұлттық олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, қазақстандық алты спортшының Бейжің олимпиадасы кезіндегі алынған допинг сынамаларын қайта тексергенде күдік тудырған. Енді Халықаралық олимпиада комитеті мен Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі В сынамасын тексеру процесін жүргізеді.

Бұл шара 18-26 шілдеде Лозаннада (Швейцария) қазақстандық тараптың қатысуымен өтеді. Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті В сынамасы оң нәтиже берген жағдайда ғана спортшылардың аты-жөнін жариялайды. Дегенмен бір спортшының есімі белгілі. Ол – ауыр атлет Владимир Седов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Бейжің мен Лондон олимпиадалары кезінде алынған сынамаларынан допинг табылғанын мәлімдеген. Лондонда алтын алған қазақ спортшылары Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедованың да сынамалары оң нәтиже берген. Олар уақытша жарыстардан шеттетілген.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар