Ильинді масқаралаған қазақстандық ауыр атлет Седовтың өзі де допинг дауына ілікті

Сәрсенбі, 13 Шілде , 2016 21:55

ҚР ҰОК-ге Владимир Седовтың допинг-сынамасынан тыйым салынған заттың бар екені туралы ескертілген хат келді.

20160713193641

Бұл туралы ProsportKz.kz хабарлайды.

Тыйым салынған заттар Бейжіңдегі 2008 жылғы Олимпиада ойындарында алынған сараптамалардан табылды. Еске сала кетейік, Владимир Седов ол кезде 85 кг дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші орынға ие болған еді.

Тергеу қорытындысы Владимир Седовтың  «А» сынамасынан станозолол болғанын көрсетті. Келесі аптада  «Б» сынамасы тексеріледі.

Атап өту керек, 2006 жылы Ауыр атлетика бойынша халықаралық федерация (IWF) Седовты спорттық қызметтен шеттеткен.  Ол кезде қазақстандық штангашы 2008 жылдың 18 мамырына дейін жазасын өтеді.

Сондай-ақ Мария Грабовецкаяның 2008 жылғы Олимпиадасындағы сынамадан да тыйым салынған зат табылды.  Грабовецкая ол ойындарда қола медальға ие болған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Допинг допинг деп каншама жыл отип кеткесин несине зарланат бирден сол кезде тексерип киргизбейма олимпиадасына

  • Анонимно says:

    Біреуге ор қазба деген қазақтың сөзі бар ғой

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар