Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейонсе зорлық көрген балалардың аналарымен бірге ақ кілемнің үстінен жүріп өтті

Атақты әнші Бейонсе MTV Video Music Awards 2016 сыйлығын табыстау салтанатты шарасында кілемнің үстінен төрт әйелмен бірге жүріп өтті.

12794130
Бұл туралы РИА Новости хабарлаған.

Бұлар оққа ұшып, мерт болған балалардың аналары еді. Олардың арасында полицейдің қолынан қаза тапқандар да бар.

Жексенбі күні Нью-Йорктағы Мэдисон-Сквер-Гарденде MTV Video Music Awards 2016 сыйлығымен салтанатты марапатау рәсімі болып өтті. Бұл жыл сайын өтетін ең ірі музыкалық оқиғалардың бірі.

MTV телеарнасы тікелей эфирде көрсететін жылдың басты оқиғаларының бірінде биыл АҚШ-тағы әлеуметтік мәселелер қозғалды.

MTV Video Music Awards сыйлығына үміткерлердің бірі, сондай-ақ, рекордты 11 номинация иегері, әнші Бейонсе ақ кілемнің үстімен 4 афро-американдық әйелмен бірге жүріп өтті. Олар «Қозғалыс аналары» (Mothers of the Movement) тобының өкілдері. Төртеуінің де ұлдары қару қолданылған зорлықтан қаза тапқан. Олардың арасында полицейдің қолынан қаза тапқан Мейкл Браун есімді қара нәсілді жасөспірімнің анасы да бар еді. Айта кетейік, полицей кейіннен ақталып шыққан болатын.

Аталмыш оқиға Америка қоғамында он жылдар бойы қызу талқыланып, наразылықтар мен тәртіпсіздіктердің тууына себепші болған. MTV өкілдерінің хабарлауынша, Бейонсе кезекті рет өнер мен саясатты тоғыстыра білді. Олай деуімізге бір себеп – оның ұзын жартылай ашық көйлегі. Қауырсынмен өрнектелген көйлек пайеткамен кестеленген. Оның бұл образы бір уақытта жабо мен періштенің қанатын көз алдыңызға алып келеді.

Жіберіп алмаңыз: 

Мишель Обама танымал шоуда Бейонсенің әнін орындады (видео)

Рианна Майкл Джексон атындағы MTV сыйлығын алмақ

Ди Каприоның Ресейлік егізі реалити-шоудың жұлдызы атанбақ

Голливуд жұлдызы қазақстандық режиссердің фильміне түспек

Талқылау