Қарағанды облысының үш тұрғыны банк тонамақ болды

Сенбі, 30 Шілде , 2016 17:37

Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласында ескерту батырмасының арқасында банк бөлімшесіне шабуылдың алды алынды.

cb2bc1ca1e11bebca149a3ef94f7004e

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі басшысының м.а. Батырхан Смайылов телефон арқылы хабарлады.

Екінші деңгейлі банкті қарулы бетперде киген үш адам тонамақ болған, деп мәлім етті баспасөз қызметі.

29 шілдеде кешке қарай банк бөлімшесіне белгісіз біреулер қарумен кіріп келген, алайда кассирлердің бірі ескерту батырмасын басып үлгерген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келгенше асыққан қарақшылар ақша алып үлгермей қашып кеткен.

«Дабыл бойынша Қарқаралы аудандық ІІБ жеке құрамы түгел көтерілген. Полицияның жедел қызметі куәгердің айтуы бойынша күдіктілер мініп кеткен көлік түрін анықтаған. Осыдан кейін тәртіп сақшылары осы көлік түрінің барлығының иелерін тексеріп шықты. Қалаға жақын ауылдардың бірінің үш тұрғыны анықталып, ұсталып, олар істерін мойындады», – дейді Смайылов.
Аталмыш оқиға сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне алынып, ҚР ҚК 192 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жалғасуда.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар