Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бетке салынған ең ақылға сыйымсыз татуировкалар (фото)

Татуировка да – құмарлықтың бір түрі. Бір мәрте дәмін татқан адам денесін қайта-қайта шимайлата түседі. Әдетте көп адам қолына, арқасына салдырады. Ал бетіне сызу сыздырып, сурет салғызатын құмарпаздар да бар екен.

4141

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

2013 жылы саясаткер, суретші, композитор Владимир Франц Чехия президенттігіне түскісі келді. 26 жастағы Франц – өте қызық тұлға. Оның заңгерлік білімі, суретшілік, дизайнерлік, композиторлық өнері бар және драматургия бойынша да атағы бар. Оның денесінің көп бөлігін татуировка жауып тұр, тіпті шашының түсін де жиі өзгертеді. “Менің денем – менің бағым секілді. Әркім өзі біледі. Мен үшін бұл да өзінше құндылық”, – дейді ол.

52442

2013 жылы татуировканы жан-тәнімен сүйетін жігіт үлкен әріптермен өзінің қызының бетіне танысқаннан соң бір күннен кейін “Руслан” деп өз есімін жазып берген. Осыдан соң көп ұзамай екеуі үйленіпті.

мыым

20 жастағы Хьюстон тұрғыны Кристьен Зехрист бетінің сол жақ бөлігіне сәбидің суретін салдырған. Өлімнен аман қалған ұлына ол осылайша құрмет көрсетіпті. Бұл татуировка әлеуметтік желіде үлкен қарсылыққа ие болған.

иамва

Вин Лостың басты мақсаты – бетіне татуировка салдырып әлемге танымал болу. Беті де, қолы да осындай жазуларға толып тұр. “Осы арқылы мен поп-мәдениеттің не екенін көрсеткім келеді. Адамдар менің образыма қарап тамсанып, әсер алуы керек”, – дейді 24 жастағы жігіт.

лорп

Фресно қаласының тұрғыны 2016 жылдың наурыз айында атысқа қатысып, есірткі тасығаны үшін тұтқындалған. 33 жастағы Хампрасонг Таммавонг Фресно қаласында көлік жүргізу куәлігін тексеру кезінде ұсталған. Үйін тінтіп, тексерген тәртіп сақшылары түрлі қару тауып, қылмыстық топқа қатысы бар екенін анықтайды.

лорсы

Майкл Картер де 2016 жылдың қаңтар айында бетіндегі қаптаған татуировканың арқасында жасаған қылмыстарынан мейлінше бой тасалағанына қарамастан тез қолға түскен.

мммм
Рик Дженест 2011 жылы леди Гаганың Born This Way бейнебаянына түскен. Басы да, бүкіл денесі де татуға толы Дженестті Леди Гаганың стилисті Никола Формичетти тапқан. Ол қазір модель болып қызмет атқарады.

4141

24 жастағы Джино Дартнолл алғаш рет бетіне 18 жасында татуировка жасатқан.

ммсчы

Талқылау