Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес жасар ауғандық бала Мессимен кездесуге дайындалып жатыр (видео)

Целлофаннан Аргентина құрамасының формасын киіп, арқасына Месси деп жазып алған кішкентай бала интернетте жұлдызға айналған еді. Тіпті кішкентай жанкүйерді “Барселона” шабуылшысының өзі іздеген. Журналистер қауымының арқасында бала Ауғанстанның оңтүстігіндегі Газни ауылынан табылған еді. bb974b6269dfb5c82e1435ce515ccd2e

Енді бес жасар Муртаза Ахмади мен футбол жұлдызы Мессидің кездесуі шын мәнінде жүзеге аспақ. Лионель Мессидің өкілдері Ауғанстан футбол федерациясымен байланысқа да шығып үлгеріпті. Қазіргі уақытта олардың кездесуін ұйымдастыру мәселесі бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр екен.

Ал Ауғанстан футбол федерациясы әлем футболының жұлдызы мен Муртазаның кездесуіне қатысты дайындық шараларын бастап кетіпті.

Талқылау