Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Берік Өтемұрат The Wall Street Journal-ға берген даулы сұхбатынан кейін қызметінен босатылды

ҚР Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы” АҚ басшысы Берік Өтемұрат The Wall Street Journal-ға берген даулы сұхбатынан кейін қызметінен босатылып отыр.

01011859

“Берік Өтемұрат қазір бізде қызметте емес. Мұндай шешім 8 қаңтарда қабылданды”, – дейді Ұлттық инвестиция корпорация өкілдігі. Ал мекемені енді Есжан Біртанов басқармақ.

“Есжан Амантайұлы Біртанов – ҚР Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпарациясы” АҚ басшысы. Ол бізде 11 қаңтардан бері басшылық қызметті атқаруда”, – дейді корпорация.

Естеріңізге сала кетсек, 8 қаңтарда The Wall Street Journal журналына берген сұхбатында Берік Өтемұрат “Ұлттық қор активтері 2014 жылы тамыздағы өзінің ең жоғарғы мәні 77 млрд-пен салыстырғанда қазір 14 пайызға қысқарды және мұнай бағасының арзандауы, кірістің азаюы және үкімет қор қаражатын жаратуы себепті Қазақсан Ұлттық қорындағы 64 млрд қаражат енді 6-7 жылда түгесілуі мүмкін”, – деп мәлімдеген еді.

Одан басқа ол Ұлттық қорға түсетін қаражат туралы мәліметтерді ашуды, атап айтқанда мұнай кеніштерінен, инвестициялардан түсетін кірістер мен шығындарды ашуды да ұсынған болатын.

Бұған дейін де Берік Өтемұраттың сұхбаты туралы жариялаған болатынбыз.

Талқылау