Айтжанов: Ұлым сыныптасы Бақытжанды жақсы көретінін айтқанда жүрегім ауырды

Сәрсенбі, 2 Наурыз , 2016 13:52

Актер “Моя история” бағдарламасында бір кездері тұңғыш баласына жөргек (памперс) пен дәрі-дәрмек алу үшін дәріханаларға төлқұжатын көрсетіп қарыз алған қиын күндері туралы айтып берді. Бұдан өзге өміріндегі сәтсіз оқиғаларын қуанышты оқиғалармен алмасқанын баяндады.

1а

Берік Айтжанов – қазақ киносының жарқын жұлдыздарының бірі. Үнемі қолы тимей, бір басты рөлден екіншісіне ауысып отырады. Биыл оның қатысуымен әзірленген бірнеше фильмнің тұсаукесері өтеді.

Қаншалықты танымал болса, соншалықты тұйық болып келетін Айтжанов “Аманат”, “Ағайындылар” “Так сложились звезды”, “Анаға апарар жол”, “Адель”, “16 қыз” сынды бірнеше фильмге түсіп үлгерді.

Мансап жолындағы ең қиын рөлі туралы “Комедия мен басқа жанрларға қарағанда, драмаға түсу өте қиын. Оны шынайы өміріңе жақындатып, кейде ұқсастықтарын тауып жатасың. Бәрінен де мен үшін “Так сложились звезды” фильмінің режиссері Сергей Снежкинмен жұмыс істеу қиынға соқты. Өйткені мен ол жобаға қатты шаршап барған едім. Қандай жоба болса да, жауапкершілік керек. Бұл Ресей режиссері болғандықтан ауырлау болды. Мен оған қазақстандық актерлердің қалай жұмыс істейтінін көрсеткім келді”, – дейді актер.

1б

Актер үнемі өзінен кемшілік іздеп, бұдан да жақсы жасай алатын едім ғой деп отырады. Бойындағы табандылығы мен талап қоя білуі әкесінің арқасында дарыған қасиет екен. Бір қызығы, ешуақытта актер болуды армандаған емес. Орны кинода екенін түсінбейінше бірнеше мамандық ауыстырған. Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын тәмамдаған соң театрға шақырту алып, артынша 3-4 жобаға атсалысады.

“3-4 жоба менің бұл мамандықтан кетуім керектігін түсіндіргендей болды. Өйткені мұның барлығы менің болмысыма жат болды. Тіпті мамандығымды өзгертіп, кез келген салада жұмыс істей беретіндей жағдайға жеттім… Өміріңнің 8 жылын білімге арнап, артынша мұның бос екенін түсінген кезде, жаның қатты ауырады”, – деп жол сілтер жақындары болмағанда осы күнге дейін адасып жүре беретінін жеткізді.

1в

Осы уақыт ішінде Берік Айтжанов қатты қиналды. Алайда мұның барлығы оған үлкен сабақ пен тәжірибе болды. Табыстың кілті десек те жаңылмаймыз.

“2005-2008 жылдары Қазақфильмде мені актер ретінде ешкім көзге ілмеді. Осының барлығы шабыт берген секілді. Үш жылдай мені ешқайда шақырмады… Қолында дипломы мен басында білімі бар адамға да ешкімнің көмегінсіз аяғына нық тұрып, отбасын асырау өте қиын. Мұндайда өзіңмен, бүкіл өміріңмен бетпе-бет қаласың. Қиын сәттер болды. Кейде тіпті тұңғышыма дәрі-дәрмек пен жөргек  алу үшін дәріханаға төлқұжатымды көрсетіп, қарыз сұрайтын кездерім болды”, – деп актер өмірінің ең қиын сәтін еске алды.

1с

Ол балаларын өзінен қалған ізін жалғастырушы асыл ұрпақ қана емес, шынайы еңбегім деп бағалайды. Олардың әртүрлі сұрақ қойып, таңқалдыратынын да жасырмады.

“Мысалы, тұңғышыммен бір күні мектепке бара жаттық. “Әке, мен саған бірнәрсе айтсам бола ма?” деп ғашық болып қалғанын айтты. Меніңше, екінші немесе үшінші сынып оқып жүрген кезінде. Өзім сынамаға ма, съемкіге ме асығып бара жатырмын. Бар ойым осыда. Жарайсың, иә ондай болып тұрады. Мен балабақшада жүріп ғашық болғанмын деп қоямын. Есімі кім деген ем, артқы жағымнан “Бақытжан” деген дауыс шықты. Мен сазарып кеттім. Фурмонов көшесінің бойында сары жолақтар мен автобус аялдамалары көп болғандықтан, тоқтауға болмайды. Жүрегім қысылып, бозарып бара жатырмын. Балам маған қарап “Әке сен мені анандай деп ойлап қалдың ба? Біздің сыныпта Бақытжан есімді бір қыз, бір ұл бар” деді. Осылай қатты таңқалдырғандары бар” деп актер өміріндегі ең күлкілі оқиғаны есіне алды. Күнделікті кішкене қызы жұмысқа шығарып салып тұрып “Әке, ешкіммен сүйіспе” деп айтады екен.

DSC_6614-kopiya-1024x685

1д

Өмірдің ауыр соқпағынан жүріп өткен актердің жас ұрпаққа үлгі болар тұстары көп. Өйткені сегіз жыл өміріңді бос өткізіп, үш жыл күйзеліске түсіп, артынша қайта тұрып жүгуру кез келген адамның қолынан келе бермейді.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    өтірік зарлайды осы әртістер, жапан далада жалғыз өмір сүргендей

  • Жұмбақ жан says:

    Болашақ бар актер, менімше Ана тіліне шорқақтау болу керек…

  • Жұмбақ жан says:

    Сымбатты актер, әдемі жұп. Бақытты болыңыздар!

  • Жұмбақ жан says:

    Сиз оте керемет актерсиз сизди ойнаган ар ролиниз жаксы шыгады алматыга барганымда кылмыс спектаклин корип сиздин шеберлигинизге риза болды шыгар асуларыныз бик болсын

  • Жұмбақ жан says:

    Тек кана би!ктерден корине бериниз!

  • Жұмбақ жан says:

    Жарайсың !

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар