Берген садақасы өмірін арашалып қалған

Сейсенбі, 8 Қараша , 2016 17:23

Оның әңгімесін осыдан қырық жыл бұрын естіген едім. Ал кейінірек жақын танысып, әңгімесін нақ өз аузынан тыңдадым.

sadaka

…Жүсіп әулетті отбасында дүниеге келіпті. Әкесі де өте қарапайым, кішіпейіл кісі болса керек. Сонша дәулетіне қарамастан қашанда қайрылғанға қол ұшын беруге дайын жүреді екен.

Жүсіптің айтуынша, оның бес жасар ес біліп қалған шамасында үйлерінің тұсына бір қария келіп, әлгі жерді тұрақтай бастапты. Бұны байқаған Жүсіптің әкесі әлгі кісінің азық-ауқатын өз мойнына көтеріп, қызметші арқылы жібертсем ренжір деген оймен кішкене Жүсіп арқылы тамақ жіберіп тұруды жөн санапты.Жүсіп әуелгіде жүрексінгенмен, келе-келе бұл әдеті өзіне ұнапты. Әлгі бейбақ қартпен отырып әркез әңгіме-дүкен құрудан жалықпай, қайта соның айтқан әрбір сөзі бала жүрегінен терең орын алыпты.

Кейуана қарт бір күні:

– Жүсіп, саған бір түйе жасайын ба? – деп сұрағанда, оған жоқ демек түгілі Жүсіптің есі кете қатты қуанады. Қарт та бұны білгендіктен шарты бар екенін айтыпты:

– Ол үшін сен үйдегілердің өзіңе беріп тұратын тәтті-пәтті, жүзім-жаңғақтарынан бір бөлігін үзбей маған әкеліп тұр. Бірақ маған әкелетіндерің тек саған ғана тиесілі берілгендер болсын, басқаларға тән нәрселерден әкелсең, түйең жасалынбай қалады. Мұны әрі ешкім сезуші болмасын,- депті нықтап.

Бұл істің жасырын болатындығы Жүсіпті тіптен қызықтырып жібереді. Өрік-мейізін әр әкелген сайын:

– Ата, қалай, түйем жасалып жатыр ма? – деп сұрап, кейуана қарттан да «әрине» деген жауап естіп, көңілі көкке бір елі жетпей қалатын. Өйткені әр әкелген өрік-мейізі арқылы түйесінің денесі мен мүшелері жасалуы керек-ті.

   Күнді күн қуалап, Жүсіптің әбден мезі болып, тағаты таусыла бастаған кезінде көптен күткен қуанышты хабары да келіп жетеді:

-Жүсіп, түйең жасалды. Тек көздері де тәмамдалу үшін екі мейіз әкелсең болғаны.

Бойын кернеген қуаныштан көрер таңды көзбен атырып, түнде ертемен дайындап қойған мейіздерін ала сап, таң ата Жүсіп кейуана қартқа жүгірді. Алайда қуанышы қойнына сыймай келген оның қарт күркесіне жете бере бар көңіл-күйі су сепкендей басылды. Өйткені қарт байғұс бір күн бұрын түнде көз жұмыпты.

Бар жаназа рәсімін әкесі атқарып, егіле жылаған кішкене Жүсіп ең жақын адамынан айрылғандығына әлі де сенбеген күйде еріксіз кейуананы ақтық сапарына шығарып салды.

Қарт денесі жерге берілгеніне әне-міне дегенше 12 жылдай уақыт өтіп, Жүсіп баяғы балалығынан арылып, есейіп жігіт болды. Алайда бір күні аяқ асты жабысқан өкпе қабынуы мен шизофрения ауруынан мұрттай ұшып, төсекке жығылды. 1910 жылдар болғандықтан әлі бұл аурудың емі табылмаған кез. Ауру әбден дендеп, асқынғаны соншалық Жүсіптің әкесі байлығын шашып, сонау Парижге дейін қаратса да түк ем қонбайды. Бірте-бірте өлім қаупі күшейе береді. Қайда апарса да еститін жауабы бір ғана: “Бұл әлі емі табылмаған ауру. Ақыр мүмкіндіктеріңіз бар болса, Жүсіпті Ыстанбұлдағы Психикалық ауруханаға жатқызып, арнайы күндіз-түні бақылаушы жалдаңыз”,- болыпты.

Дәрменсіз әке байғұс жаны қалмай, айтылғандардың бәрін түгелімен орындайды. Күтушісіне де жақсы айлық төлеп тұрады. Бірақ, өкінішке орай, Жүсіпте жақсару нышаны байқалмай, күннен күнге нашарлаған дене әбден әлсіреп, құр сүлдері ғана қалады. Ауруханаға келгеніне тұп-тура алты айдан кейін Жүсіптен үміт үзген дәрігерлер «Балаңыз қатты қиналыс үстінде» деп әкесіне телеграмма жібереді.

Бұдан кейінгі оқиғаны Жүсіптің өзі былайша әңгімелейді:

«40 °С-тан жоғары дәрежеде қызуым көтеріліп, денем күйіп-жанып, өртеніп қатты қиналып жаттым. Бір уақытта қарасам ұшы-қиырсыз шөлге тап болыппын. Шыжыған күннің астында, қызған құмның үстінде жан шыдатпас аптап ыстықтан өліп барам. Бір тамшы суға зар болып, осы жолы демімнің үзілетіндігіне әбден көзім жетіп, қоштаспақ ниетпен көкжиекке соңғы рет бір көз тастағаным сол еді, о тоба, өз көзіме өзім сенбедім. Баяғы бала кезімдегі кейуана қарт тізгінін тартып бір түйені маған қарай жетелеп келеді екен. Әбден жақындағанда:

– Жүсіп, балам! Түйең дайын, міне ғой,- деді.

   Жатқан жерімнен қарт көмегімен әрең дегенде түйеге мінгенімде, шөлдегенім де, бойымдағы бар ауруым да ұшты-күйлі жоғалды. Сол сәт көзімді ашып:

– Мен қайда жатырмын?- деппін.

Маңайымдағы дәрігерлер менің сауыққаныма түк те сенбепті. Өйткені мен менің бойымды меңдеген бір емес, барлық ауруымнан да құлан-таза айығыппын. Мен өмірге қайта келгендей едім».

 Жүсіп басынан өткен осы оқиғаны әңгімелеп отырып, селкілдеп қатты жылады:

– Көкірегі ояу, көзі ашық қарт кейуанам-ай, -деді әлден уақытта күрсініп,- менің басыма келетін осындай қиын істі күні бұрын сезген екен ғой. Маған тиесілі өрік-мейізді әкелткізгеніне қарағанда, оларды менен садақа ретінде қабылдаған екен. Сірә, «Садақа өмірді ұзартады» деген қасиетті пайғамбар хадисінен мен үшін медет тілеп өтсе керек, жарықтық. Сол үшін тек маған тиесілі мейіздерді ғана қалап, маған садақа сауабын сыйлапты…

Иә, халқымыз да «Қырықтың бірі-Қыдыр» деп бекер айтпаса керек.

islam.kz

Жіберіп алмаңыз:

170 мың доллар тауып алған алматылық жалғызбасты әкенің әңгімесі

Елбасы Токиода сасқалақтап қалған Есімовке ыммен түсіндіріп жөн сілтеді (видео)

Мұхамедиұлы Жаманқұловтың президентке арнаған үндеуіне қатысты жауап берді (видео)

Қытай қазағы Астанаға Шанхайдан өзі жасаған қазақи әуе шарымен ұшып келмек (фото)

Теміртауда қанішер құрбанының денесін бөлшектеп, бір ай бойы қоқысқа тастап отырған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар