Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев футболист болуды армандаған

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев атақты футболист болуды армандаған. Шенеунік бұл туралы «Ақбөбек» балалар орталығын аралаған кезде айтты.

9522305B-393B-4204-A35D-9CEB03EBC350_mw1024_mh1024_s

Бұл туралы Диапазон хабарлайды.

«Біз балалар үшін өмір сүреміз. Балалар – біздің байлығымыз, болашағымыз. Біз барлығымыз кезінде бала болдық. Кеше біз қала сыртындағы лагерде барып қайттық. Онда жақсы жағдай жасалған. Бізде үздік оқушылар мен әр түрлі олимпиада жеңімпаздарының жеңімпаздары демалып, денсаулығын жақсартып, білім алуы үшін осындай жерлер көп болуы керек. Және ең маңыздысы – балаларға көңіл бөліну керек», – деді Бердібек Сапарбаев.

Құттықтаудан кейін бабаларға сыйлық берілді. Сонда 4-сынып оқушысы Алан Шарушкин әкімге мынадай сұрақ қойды: -«Бердібек аға, менің арманым футболист болу, ал сіздің бала кезіңізде қандай арманыңыз болды?», – деп сұрады оқушы.

Сонда әкім: – «Мен де сен сияқты футболист болуды армандадым. Ол үшін саған күнделікті футбол ойнап, жаттығу керек», – деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Сапарбаев қытайлық компания орнатқан «қамалды» бұзуды тапсырды

Талқылау