Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев ауылдың жағдайын соғыстан кейінгі кезеңмен салыстырды

Ақтөбе облысының әкімі қаладан 57 шақырым қашық жатқан мекендегі “соғыстан кейінгі бүлінушілікті” көзімен көрді.

195f93069b900479ef837d7b7f176148

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Облыс әкімінің бұл аумаққа ат басын бұруы ауыл халқы үшін кәдімгідей оқиға болды. Осыған дейін мұнда әкімдіктің өкілі не болмаса әкім орынбасарлары ғана келетін. Елді-мекен басшысы Серікбай Құрмансейітовқа алғашқы сауалды облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі қойды.

– Неге ауылдарыңыздың жанынан өзен ағып жатқанына қарамастан, бір де бір тал жоқ. Сіз үшін мектептің жағдайы ешқандай да ұят емес па? Бұл кәдімгі соғыстан кейінгі күйзелген жағдай сияқты. Сіздегі 960 тұрғынға 40 шаруа қожалығы деген тым көп. Одан шыққан нәтижені де көріп тұрған жоқпын. Жанында Қара-Қобда өзені ағып жатқан мына жерді неге игермейсіздер? Әкім болып отырғаныңызға 15 жыл болды, ал бір тал отырғызып, су бөгетін жасауға мүмкіндігіңіз жоқ.

201c69db8c499639990d1fd6712f07b9

Ауыл әкімінің су бөгеті жұмыс жасап тұр деуі бекер дейді тұрғындар. Сосын ауыл халқы өз проблемаларын да жеткізді.

“Бізде балабақша жоқ. Сосын ауыл инспекторы да жоқ бізде, жедел жәрдем де ешқашан аяқ басқан емес. Әкім келтірген дәйектер әдеттегі өмірімізбен еш сәйкес келмейді”, – дейді тұрғындар.

Сондай-ақ, тұрғындар ауыл көшелерін жоғарыдан басшылар келетін кезде ғана тазалап, жөндейтінін айтады.

Айтпақшы, ауыл тұрғындарына күн сайын қажет болып қалатын ветеринар дәрігер қағаз жүзінде Қара-Хобда ауылында бар, ал іс жүзінде Ақтөбеде тұрады екен.

Кездесуден кейін әкім медициналық орталық пен мәдениет үйіне бас сұқты.

Медорталықтың әбден шаршаған ескі үй екені, ал ауыл клубындағы жағдай нағыз соғыстан кейінгі сәтті еске түсіретінін әкім өз көзімен көрген.

– Жұмыс істеу керек, – деді Бердібек Сапарбаев ауылдан аттанар алдында ауыл әкіміне. – Ал жұмыс істегіңіз келмесе, орынды босатасыз!

Талқылау