Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев әскерилер асханасынан дәм татты

Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында №6655 әскери бөлімінде салтанатты шара өтті. Шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, мемлекеттің мекемелердің басшылары, Ақтөбе әскери гарнизоны жетекшілері, құқық қорғау органдары, ІІД қызметкерлері және Ұлы Отан соғысы ардагерлері қатысты.

123321

Сурет Ақтөбе Ақпарат

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Шара барысында Бердібек Сапарбаев әскери гарнизонның 9 қызметкеріне “мінсіз қызметі үшін” медалдарін табыстады. Әскерилер мен офицерлер облыс әкімінің қолынан алғыс хаттарын алды. Сондай-ақ, Қарулы күштердің ардагерлері де марапатталды. Салтанатты шара аяқталған соң әскери бөлімде мерекелік шеру өтті.

Бұл күні облыс басшысы Ақтөбе гарнизонында орналасқан арнайы техникалармен танысты. Аймақ әкімі әскери асхананың тамақтарынан да дәм татты.

123

147

Талқылау