Астаналық азамат боранда қалған адамдарды құтқарып қалды (видео)
Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Рустам Абдусаламов Астанадағы боранда үйіне қайта алмай тұрған адамдарды көлігіне отырғызып, үйлеріне тегін жеткізген.
«Кеше кешкі сағат 5-6 шамасында жұмыстан қайтып бара жатып жолда тұрған адамдарды үйлеріне тегін жеткізіп тастадым. Күн суықта аялдамада мұздап тұр екен. Неге осы біз адамдарға жәй ғана көмек көрсете алмаймыз? Елбасының өзі әрдайым айналамыздағы адамдарға көмектесіп отыруға шақырады емес пе?! Автобус күтіп тұрған кей адамның таксимен қайтуға ақшасы болмауы мүмкін. Көлікте орын болса, оларды неге үйлеріне жеткізбеске? Осылайша оларды үйлеріне жеткізіп тастадым. Осындай кішігірім жақсылықтың өзі өзіңді бақытты сезінуге көмектеседі», – дейді Рустам Абдусаламов.
Видеода адамдар ауа райының қолайсыздығына байланысты такси тоқтамай жатқанын айтады. Рустамның ісін олар құптап, осындай мейірімді адамдар көп болсын дейді.
«Қазір барлығы апат пен түрлі проблема туралы айтады. Мұнымен қатар, мұндай жағымсыз жаңалықтарды интернеттен, барлық арнадан естіп жатамыз. Негатив үнемі трендте жүреді. Неге осы нәрсені позитивке айналдырмасқа?!» – дейді ол.
Видео соңында ол сағат түнгі екі екенін көрсетіп, автокөліктегі бензиннің таусылғанын, бірақ көңіл-күйінің керемет екенін жеткізді.
Тағы д оқыңыз:
Геннадий Головкин Шымкентке кімнің тойына қонақ болып келді?
Баланы екі жасқа дейін емізудің қандай пайдасы бар
Атырау-Астрахан тас жолында көлік апатынан 5 адам ажал құшты
Талқылау

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
1 қазанда Blue Origin NS-36 миссиясымен ғарышқа ұшатын экипаждың құрамын жариялады. Онда қазақстандық Данна Қарағұсова да бар

"15 түрлісін іштім": Қазақстандық әйел нутрициологтың берген БАД-ынан кейін өлім аузынан қалған
Тоғжан: "85 мың теңгеге анализ тапсырдым"