Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау-Астрахань тас жолында көлік апатынан 5 адам ажал құшты

Атырау-Астрахан тас жолында көлік апаты болып, 5 адам ажал құшты. Тағы бес кісі ауруханаға жатқызылды.

«Атырау мен Астраханды жалғап жатқан автожолда, Ерғалиев атындағы елді мекенге таяу маңда, бүгін түстен кейін көлік апаты болды. «Hyundai Accent» және «ВАЗ-21015» көліктері бетпе-бет соғысқан. Оқиға орнында 60 жастағы «ВАЗ-21015» жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы –  1977 және 1961 жылы туған екі әйел, 1989 және 1958 жылы туған екі ер адам жан тапсырды», – деді  Атырау облысы ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Сондай-ақ, «Hyundai Accent» көлігінде болған жүргізуші мен 4 жолаушы Исатай аудандық ауруханасына жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар бір отбасының адамдары – ерлі-зайыпты екеу мен үш баласы.

Оқи отырыңыз:

Қарындастарына арнап ән айтқан Қарақаттың ұлдары жұртты сүйсіндірді (видео)

Алматы әуежайы Ерлан Көкеевтің шағымына жауап берді

Таиландта піл Ернар Айдарды таптап кете жаздады (видео)

Талқылау