Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі журналист тойға қомақты ақша әкелуді талап еткен қазақ танысынан әбден мезі болғанын жеткізді

Белгілі қазақстандық журналист тойын несие алып жасап жатқан таныстарынан қысым көріп жатқанын айтады. Олар “жоқ” деген сөзге бой бермей, журналистен тойға келіп, 30-50 мың көлемінде сыйлық беріп кетуді талап етіп отыр екен. Наталья Райм өз кезегінде таныстарының мұндай әрекетінен әбден мезі болғанын айтып, қазақ достарынан кеңес сұрап отыр.

13029504_542269949268160_2523473167427921462_o

Сурет: Наталья Раймның жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қазақ достарымнан ақыл сұрайын деп отырмын! Таныстарымыз (достарымыз емес) бізді күйеуіммен бірге тойға шақырды. 500 адамға арналған қазақша той болғалы жатыр екен. Жастар тойға шақыра отырып 13 млн теңге көлемінде несие алғандарын ашып айтты және осы тойдың арқасында оны жауып қалуға тырысатындарын жасырмады. Күйеу жігіт әкімдікте 79 мың жалақы алып жұмыс істейді екен. Келмеу туралы, тіпті, ойламаңдар дегендей болды!

Тікесінен “Біз сіздер сыйлыққа 30-40-50 мың алып келеді деген ниеттеміз. Бұдан аз болмасын, балаларыңызды тойға әкелмеңіздер” деп айтты. Бірақ, бізді тура осы уақытта қоныс той тойлауға екі күн бұрын шақырып қойған еді. Сол себепті, жоғарыдағы ұсыныстан бірден мәдениетті түрде бас тарттық. Осы сәттен бастап бізді қысымға ала бастады. Күн сайын қоңырау шалып, тойға келуге үгіттейді. Бірден бас тартып, басқа ұсыныс қабылдап қойғанымызды түсіндіруге тырыстым. Олар ол ұсыныстан бас тартып, тойға келуді талап етіп отыр. Тек бір сағатқа кіріп шығып, сыйлық беріп кету деген нұсқаны да ұсынды. Отбасымызбен мұндай мәдениетсіздік пен көргенсіздікке қайран қалып отырмыз.

Мыңдаған тойларда жақсылап демалып қайтқан болатынбыз. Кеше сол танысым хабарласып, “Барлық туыстарыма тойға белгілі журналист Наталья Райм келеді деп айтып қойдым. Сіздің келмеуге моральдық құқығыңыз жоқ” дегендей айтты. Жоқ деген сөздің не екенін түсінбей тұр. Адамды дөрекілікпен шығарып салатын әдетім жоқ. Бұл қысымды қалай тоқтатуға болады? Бәлкім, қазақтардың арнайы сөздері бар шығар. Қазақтың тойларын ерекше жақсы көремін, салт-дәстүрлерін құрметтеймін. Мұндай тойларға мың рет барып би билеп, тәтті тағамдар жеген болатынмын. Жаман ниеттілерден жазбамды айналып өтуді сұраймын”, – дейді Наталья Райм.


Жіберіп алмаңыз:

Айлап жатып алатын туыстарынан мезі болған келіншек қазақстандықтарға өтініш білдірді

16 жастағы келіншек күйеуіне ерегесіп көңілдес тауып алған

Көңілдес: Кінәсіз адамға қарғыс тие ме?

Күйеуіне 40 шақты ер адаммен опасыздық жасаған әйел бұл әдетінен арыла алмай жүр

Талқылау