Көңілдес: Кінәсіз адамға қарғыс тие ме?

Сәрсенбі, 6 Қыркүйек , 2017 12:05

Отбасылы ер адаммен көңіл қосқан келіншек оның әйелінің қарғысына қалдым деп қорқып жүр. Себебі, бүгінде екінші баласының кемістігі бар. Бір кездері әлгі әйел өзін “Екі баланың азабын көр” деп қарғаған екен. Осы орайда, ол кінәсіз адамға қарғыс тимейтіні қаншалықты рас екенін сұрап отыр.

Lv2-SVJarSk

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Менің сұрайын дегенім – егер адам кінәлі болмаса, оған қарғыс тие ме? Мен тұрмыс құрмай тұрған кезімде құрбым екеуіміз пицца дәмханасына барып отырдық. Сол жерде сымбатты жігіт қасымызға жақындап, танысқысы келетінін айтты. Құрбым өте пысық қыз болатын. Екеуі тез тіл табысып кетті. Бірақ, ол жігіт мені ұнатқанын байқатты. Осылайша әңгімеміз жарасып кетті. Біртүрлі оны ұнатсам да, кездескім келмей тұрды. Ауылына кеткен кезде де хабарласып тұрды. Содан ол біраз уақыт хабарласпай кетті. Бір күні өзім смс хат жаздым. Ол маған хабарласты. Ар жағында әйел айқайлап жатты. Сөйтсем, ол әлгі жігіттің әйелі екен. Қайта-қайта маған қоңырау шалды. Бірақ, тұтқаны көтермедім.

Артынша “Кешіріңіз, қателестім” деп хат жазып жібердім. Бірнеше минуттан кейін “Екі қабат әйелді жылатып отырсың. Екі баланың азабын көр” деген хат келді. Жүрегім аузыма тығылды. Ана жігітпен арамызда ештеңе болмаса да, өзімді жиіркенішті сезіндім. Қайта-қайта кешірім сұрап, қателескенімді жаза бердім. Бүгінде екі баланың анасы болып отырмын. Бір баламның ақыл-есі кемістеу болып туды. Бірақ емдеп алуға болады екен. Жанталасып жүгіріп жүрмін. Сұрайын дегенім сонда сол келіншектің қарғысы тиді ме? Қалай ондай қарғыстан құтылуға болады? Екінші балама да зияны тие ме деп қорқамын. Сөге көрмеулеріңізді өтінемін. Ұзақ болса, қате кетсе, кешірім өтінемін. Ақыл-кеңестеріңізді сұраймын”, – дейді жас келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Күйеуіне 40 шақты ер адаммен опасыздық жасаған әйел бұл әдетінен арыла алмай жүр

Келіншек таңертеңмен жатын бөлмеге рұқсатсыз кіріп алатын енесінен қорқып жүр

Бір кездері жездесімен жақындасқан келіншек өз ісіне өкініп жүр

Жаңа босанған келіншек күн көрсетпеген енесі туралы айтып жылады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар