Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беларусьте Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай қазақ киносының апталығы басталды

Беларустегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерғали Бөлегенов Брестте қазақ киносының апталығын ашты.

қыз жібек

 

Рәсімді ашқан дипломат олардың сапары өңіраралық ынтымақтастықты жандандыру ниетімен байланысты екенін атап өтті. Бұдан бұрын ол Брест облыстық атқарушы комитетінің төрағасы Анатолий Лиспен кездесті. «Брест облысы мен Қазақстан өңірлері арасында тығыз байланыс орнатылды. Брест – ерекше қала. Қазақ кино апталығын бұл жерде төртінші рет қатарынан өткізіп отырмыз. Ол Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналды. Өткен жылдардағыдай көрермендер түрлі жанр, оның ішінде анимациялық фильмдерді тамашалайды», – деді Ерғали Бөлегенов.

Брест облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Михаил Серков мұндай шаралар басқа елдердің тарихымен, дәстүрлерімен, мәдениетімен тереңнен танысуға мүмкіндік беретінін айтты. «Қазақ киносы әлемдік қоғамдастықтың қызығушылығын тудыруда. Бұған түрлі фестивальдардағы жүлделер мен наградалар дәлел», – деп атап өтті ол.

17-22 желтоқсан аралығында «Беларусь» кинотеатрының VIP-залында «Қазақфильм» киностудиясында соңғы жылдары түсірілген алты картина көрсетіледі.

Талқылау