Бекжан Тұрыс: Енді мен сізді сағынамын, аға

Дүйсенбі, 18 Желтоқсан , 2017 13:48

Белгілі актер Құман Тастанбековтың бақилық болуы күллі қазақ жұртының қабырғасын қайыстырды. Елбасы бастаған ел азаматтары актердің қазасына қайғырып, көңіл айтуда, деп хабарлайды Stan.kz.

Актердің қазасына қайғырған театрдағы әріптесі, белгілі актер Бекжан Тұрыс Құман Тастанбековпен қоштасып, іштегі шерін ақтарды.

«Қазақтың арғы-бергі тариxында талай жақсылар өтті ғой. Бірақ, аға, сіздің орныңыз мен үшін ерекше. Саxна – тұлғалардың тұғыры. Бірақ актер біткен тұлға емес. Саxнаға шыққанның бәрі саңлақ емес. Сіз кино мен театр өнерін тел емген нағыз саңлақсыз. Біздің қоғам атақпен ауырып жатқанда сіз өзіңіз сүйген театр мен өнердің дидарына дақ түсірмеудің амалын іздеуші едіңіз. Сазға да, әнге де, жаны құмар, жан-ағау, сізден аларымыз көп еді, қайтейін… Тірлігімде қадіріңе жете алмасам кеш, аға!

Жақсы адамның өлген күні болмайды, аға, тек туған күні болады. Соған сенемін… Күншығыс еліне тура сіз өмірден өткен күні өзіңіз сүйген өнердің туын құлатпау үшін, қазақтың мерейін асыру үшін алдын ала жоспарланған іссапарға кетіп бара жатқанымыз осының дәлелі… Қазақ xалқы, қазақ театры барда сіз өлмейсіз! Руxыңыз елмен бірге жасайды.

Қатал уақыт жер басып жүрген пендесін көзден жасырса да, оның қоғам игілігіне сіңірген еңбегін тығып тастауға дәрменсіз.

Сіздің саxнадағы бейнеңіз xас шебердің қолынан шыққан мүсіндей болып, көзкөргендердің көңіл-қиялында жарқырап тұрмақ. …Енді мен сізді сағынам… Сағынтасыз әлі… Ең өкініштісі, өзіңіз жақсы көрген бауырыңыздан бір уыс топырақ бұйырмайтыны… Жалған дүние-ай… Бақұл болыңыз, аға!» – деп жазды актер Instagram желісіндегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, белгілі актер Құман Тастанбеков 17 желтоқсан күні 72 жасында бақилық болды. Марқұм Маңғыстаудағы туыстарының үйінде қайтыс  болыпты. Марқұмның мәйіті 17 желтоқсанда Ақтаудан Алматыға ұшақпен жөнелтілді.

Елбасы Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбековтың қайтыс болуына байланысты отбасы, туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық Данелия Төлешева мен ата-анасына Украина азаматтығын қабылдау ұсынылды (видео)

Голос. Дети: Қазақстандық Данэлия Тулешова Украинада өткен шоуда жеңімпаз атанды

Димаш Құдайберген Қытайда үлкен ән кешін өткізіп, Құрманғазының “Адайын” домбырамен тартты (видео)

Жазира: Өмір сүргім келмей, бірнеше рет өз-өзіме қол салмақшы болдым

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар