Бекболат Тілеухан: Жалақының артқаны қуантады, біздің де бала-шағамыз бар

Қазақстан парламенті мәжілісі депутаттарының жалақылары 30-50 пайызға өсіп, орташа есеппен 600-700 мың теңгеге жетті. Жаңа қаржылық өзгеріске қатысты депутаттардың өздері не дейді?

1-87

Бұл туралы saigez.kz хабарлайды.

Кеше ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко депутаттар жалақысының өсіміне қатысты өз пікірін білдірді.

“Саяси қызметкерлер арасында жалақысы соңғы боп өскен осы депутаттар, Негізі бұл шешім осыдан 4 жыл бұрын қабылданып қойылған еді. Министрліктер мен өзге де ведомстволардағы жалақыны біртіндеп өсіремін дегенше 4 жыл өтіп кетті. Міне, енді біздің кезегіміз келді”, – дейді Владимир Божко.

Оның айтуынша, саяси қызметкерлердің бәрі бірдей жалақы алуы тиіс. Ал, біздің елде депутаттар саяси мемлекеттік қызметкерлер болып есептеледі.

Басқа да мәжіліс депутаттары жалақы төңірегінде қысқаша пікірлерін айтты.

“Депутаттар да мемлекеттік қызметкер. Халықтың мұңын айту керек. Олардың мойнына артқан жауапкершілік көп. Жауапкершілігіне орай өзінің еңбекақысын алу керек деп ойлаймын. Жалақысы көбейсе қуанбайтын адам бола ма?! Біз де пендеміз, біздің де бала-шағамыз бар, бізге де қажеттілік бар”, – дейді мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.

Олимпиада чемпионы, қазір халық қалаулысы Ольга Шишигинаға да жалақының артуы майдай жаққан.

“Бір жағынан өте қуанышты жаңалық. Екінші жағынан, жалақысын көтеруге болатын басқа да мұқтаж адамдар бар. Мәселен, дәрігерлер мен мұғалімдер”, – деді ол.

Бұған дейін елімізде депутаттардың жалақысы көтерілетіні туралы айтылған еді.

Оқи отырыңыз:

Instagram желісінде «Елбасының бір күні» көрсетілді (видео)

Депутат: Тест сұрақтарында шоу-бизнес өкілі емес, халық қаһармандарының есімі тұруы керек

Сағынтаев Сапарбаевты клондауды ұсынды

Депутат: Қазақстан азаматтығын сұраушылар тарих пен қазақ тілден емтихан тапсыруы тиіс

Загрузка...
Қазір оқып жатыр