Бекболат Тілеухан 11 баланың әкесі екенін жасырмай айтты
Белгілі қоғам қайраткері, жыршы әрі әнші Бекболат Тілеухан заманауи бала тәрбиесі туралы сөз қозғап, өзінің 11 перзенті бар екенін ашық айтты. Ол технология дамыған заманда рухани жағынан әлсіреп бара жатқанымызды айтып күйінді, деп хабарлайды Stan.kz.
Қоғам қайраткері үлкен балаларына қатал болғанын, алайда жасы келген сайын жұмсақ болып баратынын айтты.
“Бірақ негізі аса жұмсақ болмаған жақсы. Өйткені әкеміз бізге жұмсақ болған жоқ, одан жаман болған жоқпыз. Кішкентай кезімізден жұмысқа салды, таңертеңнен жыбырлап жүретінбіз. Тренировкаға жіберсе бақыттысың, жібермесе қалдың”, – дейді ол.
Бекболат Тілеухан балаларын ескі дәстүрмен тәрбиелегісі келетінін, алайда оған заманның мүмкіншілік бермейтінін тілге тиек етті.
Айта кетейік, жуырда Бекболат Тілеуханның ұлды болғаны белгілі болды. Сондай-ақ, қоғам қайраткері 2015 жылы қызды болған еді.
Жіберіп алмаңыз:
Байзақованы киноға түсірген Азамат Сатыбалды оның арсыздығына қатысты пікір білдірді
Малайзияда 3000 оқушының ішінде қазақ қызы математикадан бірінші орын алды
Қарағандылық кәсіпкер далада қалған отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады (фото)
11 жасында далада қалған алматылық қалай табысты кәсіпкерге айналды