Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байғали Серкебаевтың Emporio Music Fest байқауы өтті

Мәскеуде үшінші рет қатарынан өтіп жатқан Байғали Серкебаевтың Emporio Music Fest байқауында қазақстандық “А’Студио” тобы сахнаны “жарды”. Алтыншы күні жас әншілер аталған топтың ең үздік хит әндерін орындады.

30999149673b37b2f585ced7130c94a0

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

“Эмпорио” дәмханасының сахнасында бірінші болып The Jigits тобы өнер көрсетті. Олар Байғали Серкебаевпен бірігіп “Тек сен және мен” атты әнді орындады. Ал жігіттердің жерлесі Zzara “Тоқта, түн” әнін орындап, жиналған қауымды өзіне еліктіре түсті.

“Құрдастар” ансамблі “Шуақты күндер” әнін алты дауысқа бөліп, жеңіл джаз мәнерінде айтты. Қазақстандық Сангина Шарипова Серкебаевтың “Бақыт құшағында” әніне жан бітірді.

b00a87562c630cbdca2c721c28b6824f

Мәскеуді бағындыруға келген Новосібір қаласының тумасы Денис Соколов өзімен бірге “Тритон” кавер тобын ала келген. Олар әйгілі “Джулиядан” ерекше хит жасап шығарған. Осы бірегейлегінің арқасында жас әнші жеңімпаз атанды.

“Денис Соколов бәрін жеңді!” – дейді әділ қазы алқалар құрамында болған “А’Студио” тобының гитарисі Владимир Миклошич.

0068c175e4e529066f5c3b57883509fb

Денис пен оның командасы Emporio Music Fest байқауының жартылай финалына жолдама алды. Аталған байқаудың финалы 23 маусымда Мәскеу қаласында өтеді. Жеңімпаз 50-ші Montreux Jazz фестиваліне жолдама алады.

Талқылау