Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байбек жоғары білім орнына жұмыс мамандығын алуға кеңес берді

Қала әкімі Бауыржан Байбек Алматыда өткен Іскерлік кеңес отырысы барысында қалалықтарға жоғары оқу орнына қаражат жұмсамай, мамандық алып,  жұмыс істеуге кеңес берді.

20161021115135

Әкім жоғары білім алуға қаражат кетірмей, мамандық алып, жұмыс істеуге кеңес берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Бүгінде өз ісінің маманы темір шебері, инженер болып көбірек ақша тапқан тиімдірек сияқты. Орта арнайы біліммен сылақшы, әрлеуші жоғары білімі бар адамға қарағанда, көп ақша табады. Себебі бұл кәсіптер сұранысқа ие. ЖОО-да білім алуға жылына 400 мың теңге кетіргенге қарағанда, ата-аналар бірден балаларын кәсіп игеру үшін колледжге  бергені дұрыс», – деді Байбек.

Сондай-ақ қала басшысы білікті мамандардың жетіспейтінін алға тартты, жаңа ашылған қонақүйлер бір-бірінен персоналды қызықтырып тартады деген мысал келтірді. «Жаңа дағдылар қалыптастырып, қайта оқыту қажет», – деп атап өтті ол.

Әкім бизнесмендерге осы проблеманы шешу үшін МЖӘ схемасында колледж ашып, кадрларды сонда оықтуды ұсынды.

Жіберіп алмаңыз:

Мұрат Әбенов студенттерге магистратурада оқудың неліктен қажетсіз екенін айтты

Жас жігіт теракті туралы әзілдеймін деп 2 жылға сотталып кетті

Азиялық қыздар жаңа эротикалық флешмоб бастады (видео)

Жүздеген адам анасы тастап кеткен қыздың жерлеу рәсіміне келді (фото)

Талқылау