Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байбек: Девальвациядан кейін алматылықтар “Шымбұлақ” пен “Медеуге” жиі қатынайтын болды

Алматылықтар девальвациядан кейін Түркияның демалыс орындарына емес Шымбұлақ пен Медеуге жиі баратын болды.Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек теңгенің құнсыздануы қалалықтардың шетелге емес өзіміздің «Шымбұлақ» пен «Медеуге» жиі қатынауына әсер етті дейді. Себебі, биыл көпшілік қысқы демалысында шекара аспай-ақ осы демалыс аймақтарында уақыт өткізген.

photo_2452

« Біздің байқағанымыз жыл сайын шекара асып демалысқа кететін азамат тар «Шымбұлақ» пен «Медеуге» барған. Біріншіден, қазір өзіміздің демалыс аймақтарымызда демалуға жағдай жақсы жасалынуда. Бұрынғыдан арзандай бастаған»,-деді қала әкімі

Әкімнің мәліметінше жылда Алматының 450 мың тұрғыны қысқы демалысты Түркия, Дубай, Еуропа елдерінде өткізеді екен. «Бұл дегеніңіз біз сол елдерге ақшамызды апарып,тастап келудеміз»,-деп қосты әкім.

Бауыржан Байбектің сөзінше теңгенің құнсыздануы өз тұрғындарымыз үшін емес шетелдіктердің біздің елге келуіне жол ашты дейді.

« Доллармен жалақы алушыларға біздің елде қыдыру тиімді. Қонақ үйлер теңгемен төлем қабылдайды, мейрамханалар. Бізге осы тиімділікті пайдаланып сырттан келушілер қатарын көбейту керек. Олардың ақшасы өзімізде қалады»,-дейді әкім

Талқылау