Баян Мақсатқызы: Жаратушы ғана барлығын кешіре алады

Сейсенбі, 25 Шілде , 2017 14:07

Баян Мақсатқызы сұхбаттарының бірінде желідегілердің сұрағына жауап беріп, өзінің қызғаныштан ада адам екенін айтты. Мұнымен қатар, көңіліне сызат түсірген адамдардың барлығын кешіре бермейтінін жеткізді.

bayan-esentaeva-poslednie-novosti-22-marta-goryachie-podrobnosti_2

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Бұл сұраққа жауап беруге қиналып тұрмын. Меніңше, тек Жаратушы ғана барлығын кешіре алады. Ал біздің әрқайсымыздың жүрегімізде өкпе-реніш бар. Қанша ашық, мейірімді болсақ та, олардың бізге жасағанын ұмыту қиын. Десе де, кімді, не үшін кешірмегенімді қазір еске алғым келмейді. Жалпы саналы адам кешірімді болуы тиіс. Мен осы нәрсені қолға алуға тырысып жүрмін. Маған қызғанышпен қарайтын адамдарға көп жылдан бері етім үйренген.

Мұндайға түсіністікпен қараймын. Шын мәнінде, барлық адамдар біреуді қызғанады. Тек біреу қатты қызғанса, екіншілері азырақ дегендей. Мысалы, мен жақсы жазатын адамдарға қызығамын. Мен де көркем жазып үйренгім келеді. Мінсіз сұлу әйелдерге де қызғана да, қызыға да қараймын. Менің қоластымдағы қыздардың барлығы сұлу. Бірақ, оларды қызғанбаймын, керісінше сүйсіне қараймын. Жалпы өзім қызғаншақ адам емеспін. Мұны жанымда отырған Тұрсен да растай алады”, – дейді Баян Есентаева.


Жіберіп алмаңыз:

Су ішінде ас ішкен Әлия Телебарисова “мақтаншақ” деген атқа қалды

Баян Мақсатқызы балаларды ұрмай, ұрыспай тәрбиелеуге шақырды

Медеу Арынбаев болашақ келіні жайлы бар шындықты ашып айтты

Нұртас Адамбайдың киносын ұрлап көрсеткен кәсіпкер 11 млн теңге төлеуі мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар