Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы балаларды ұрмай, ұрыспай тәрбиелеуге шақырды

Баян Мақсатқызы қазақстандықтарды балаларды ұрмай тәрбиелеуге шақырды. Мұнымен қатар, екі қызымен құрбылардай сырласатынын айтып мақтанды.

TW1_5124______-______

Сурет: 365info.kz

Бұл туралы Әлішер Елікбаевқа берген сұхбатында айтты.

“Анашым әрдайым “Баян, сен барлығынан жақсы оқуың керек, барлығынан жақсы болуың керек” деп айтып отыратын. Расымен де, 7-сыныпқа дейін жақсы оқыдым. Кейін жігіттер мәселесі басталып, сабақ шетте қалды. Осылайша, балабақша мен мектептегі шаралардың барлығына белсенді түрде қатыстым.  Анашым “Кейін сен бізді асырайсың. Сен сондай сұлусың. Мен сені ерекше жасқы көремін” деп айтып отыратын. Еңбектеніп тапқан нанымды жеуге үйрететін. Сол себепті, өтініш, балаларыңызды ешуақытта ұрыспаңыздар. Оларды шексіз жақсы көріңіздер. Ал біздің қазақтар “Ұят болады. Аузыңды жап” деп тәрбиелейді. Мысалы, Айару екеуіміз құрбылардай сырласамыз. Бір-бірімізден жасырғанымыз жоқ. Өмірімде бір рет болсын оған қол көтеріп көрмеген екенмін. Ешуақытта шектеу қойған да емеспін”, – дейді Баян Мақсатқызы.

Продюсер жуырда шыққан кітабында қыздары туралы да жазып өткен екен. Мүмкіндігінше екі қызына теңдей көңіл бөлуге тырысқанын айтады.

“Екеуін де қатты жақсы көремін. Сол себепті, кітапта екеуіне теңдей көңіл бөлуге тырыстым. Айару өзін мақтаған жерді оқып жылап алған екен. Ол “3”, “2” деген баға алыпты. Мен “Екіге үшті қоссаң бес болады” деп айттым. Сол себепті, жаман бағасы үшін балаларды ұрыспаңыздар. Өзім мектепте тым нашар оқыдым деп айта алмаймын. Тек төрт сабақтан үштік баға алған болатынмын. Олар – алгебра, геометрия, физика, химия. Бұл пәндерді әлі күнге дейін түсіне алар емеспін. Ал қалған гуманитарлық пәндерді керемет оқыдым десем де болады”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Сая Оразғалиева: Маған жамандық жасаған адамдармен енді араласқым келмейді

1 жасқа дейін қызымызды көрсетпейміз: Арман мен Аша неліктен мұндай қадамға барды?

Анасын шетелге қыдыртқан Тәуекел елдің батасын алды (фото)

Әке тәрбиесі туралы ой бөліскен Қанат Айтбаев көпшіліктің жүрегін елжіретті

Талқылау