Баян Мақсатқызы өзін “қылмыскерге” теңеген ақынға жауап берді

Бейсенбі, 15 Маусым , 2017 15:44

Баян Мақсатқызы трагедиясынан соң толассыз «қарша бораған» сауалдар жауабын ғұмырнамалық кітабы арқылы беруге бел буғанды. Бірақ, бұл авторлық туындысының тұсауы кесілмей жатып-ақ кереғар пікірлерге тағы көмілді. Тіпті, экс-қайын сіңілісі де айыптады.

баян мырзанга жауап

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасы хабарлады.

Қоғамның, бұқараның, журналистердің таусылмайтын сауалдарынан қажыған Баян ханым кітап жазамын деп шешкен. Шыр етіп өмірге келген сәтінен, бүгінгі күнге дейінгі ішкі толғанысы, мансабындағы және ғұмырындағы шиеленісті сәттері, өткен жаздың қаралы трагедиясы, аяғынан шалған жандар, жалпы тұтас тағдыры суреттелетін жеке мемуары осы болмақ.

Ғұмырнамалық кітабының құнын ол үш мың мен төрт мың теңге айналасында бағалауда. Бірден жиырма мың тиражбен шығаруға бекінген. Қаламы қарымды отандық жазушылардың өзі мұндай үлкен шығарылымнан жүрексінер еді. Баян ханым өз туындысын, оқырманның таласа сатып аларына бек сенімді.

«Кітабымның неғұрлым көбірек сатылғанын қалар едім. Себебі, сатылымнан түскен қаржы әйелдердің құқығын қорғайтын орталықты құруға жұмсалады. Бұл да кітап жазуыма түрткі болған себептердің бірі», – дейді Баян Мақсатқызы.

«Автобиографиям елге таралмай жатып-ақ қысастық көрсеткендердің талауына түстім» – дейді, ол. Баян ханымның жазушылығын белгілі қаламгерлер Аманхан Әлімұлы сынға алса, әріптесі Мырзан Кенжебай — бұл кітапты «жазу мен насихаттауды қылмысқа» балапты.

«Пиар компания үшін оларға алғыс білдіремін! Ер азаматтармен тайталасқым келмейді! Себебі, олар азаматтар! Менің кітабым — «қылмыс» деген пікірлері болса, бетіме келіп айтып, дәлелдесін. Әйел адамды ренжіту нағыз ер азаматқа тән емес», – дейді Есентаева.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың әкесі: Ұлыма көп қол жұмсап қойдым

Динара Сәтжан Геннадий Головкинмен түскен суретін көрсетіп мақтанды

Үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова алғаш рет отбасылық өмірі жайлы айтып берді

Баян Есентаева ажалдан арашалап қалған дәрігерлерге алғыс айтып, 43 раушан сыйлады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Anonymous says:

    Баян ханым сенің рухани жан тебіренісіңнен шыққан шынайы талантты ешкім де тежей алмайды алға. АЛЛА қолдағай.

  • Anonymous says:

    Арким не жазсса

  • Anonymous says:

    Жүрсін енді нағыз жазушылармен тайталасып жауап қайтарып. Хватит уже

  • Anonymous says:

    Кім не жазса да жазушылардың қандай шаруасы бар? Біреудің ісіне қол сұққан жазушыларды сотқа беру керек. Әркім не жазса да өзі біледі ғой.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар