Баян Есентаеваның қайын атасы бұрынғы келінінен көрген қорлықтарын жайып салды
Баян Есентаеваның қазіргі қайын атасы бұрынғы келіні Лясира Алагөзоваға деген өкпесін жеткізді. Ол Алагөзовтың барлық дүние-мүлкін тартып алған екен. Ендігі 73 жастағы қарияны үйінен қуып шықпақ, – деп хабарлайды Stan.kz.
«Бұл келінім Лясираның маған және ұлыма жазған хаттары. Оның жан дүниесінің кедейлігі мен тәрбиесі жөнінде жақсы білгендіктен, хатты оқығанда еш таңданбадым. Қан қысымым көтерілген де жоқ. Бұл хатта ұрлық туралы жазылған сөздер бар. Ол өзінің қандай екеніне өзі жауап беріп тұр. Елі үшін көптеген еңбек атқарған, дұрыс тәрбие көрген ұлым 26 жыл бойы бір шаңырақ астында тұрған бұрынғы жары мен оның туыстарына барлық зауыттары мен үйін, жылжымайтын мүлкін аударып берді», – дейді Тұрым Алагөзов.
Тұрым Алагөзов бұрынғы келінінің тек Тұрсынғалидың мүлкін ғана емес, өзінің және кенже ұлының мүлкін иеленгенін атап өтті.
«Тіпті, өз пәтерімді және кенже ұлым Асқардың сән салонын Тұрсынғалидың қызы Әминаның атына аударып бердік. Бірнеше күн бұрын Әмина Асқардан салонды босатуына талап еткен. 73 жасқа келген шағымда өз кезегімді күтіп отырмын. 90-шы жылдары Алматыдан алған пәтерімді көмектесу мақсатында балаларға бергенмін. Енді сол үйімнен қуып шықпақ. Туған балаларын өз әкелеріне қарсы қоятын бай, кәсіпкер әйелдің шынайы бет-бейнесі осындай.
Сонымен қатар әйелім өлім аузында жатқанда, 2 жыл ішінде бұрынығы келінім бірде-бір рет келіп, хәлін сұрамады. Менің ұлымның Лясирадан кетуінің себебі де осы. 26 жыл бойы үш бөлмелі пәтерде отбасымен бірге тұрып, түсіністігі мен еңбегінің еленуін қалаған ұлымның шыдамы шегіне жетті. Бұл жазба жөнінде Тұрсынғали хабарсыз. Сол үшін әуелі Алладан және ұлымнан кешірім сұраймын! Ұлым, кешір! Сен – өте төзімді адамсың. Бірақ мен мұнан әрі шыдай алмаймын. Білетін жандар мені түсінер, қалғандары не ойласа да өз еркі», – деп жазады Тұрым Алагөзов желідегі парақшасында.
Кейіннен Тұрым Алагөзов желідегі жазбасын өшіріп тастады.
Оқи отырыңыз:
Гүлназ Жоланованың жаңа шаш үлгісін желідегі оқырмандары сынап тастады
Қазақстандық жұлдыздар қазақ тілінде сөйлеуге жарыса шақыруда
Қайрат Нұртастың жұбайы әншінің жаңа бейнебаянына түсті (фото, видео)
Мейрамбек Беспаев сахнадағы отыз жылдығын атап өткісі келмеген