Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаеваға әлі ұзақ уақыт емделетін болады – дәрігерлер

Үйіне шығырылса да, Баян Есентаеваға әлі де ауруханаға барып ем алып тұру қажет. Оған невропотолог пен көз дәрігерінің көмегі қажет. Жұмысқа тек кемінде бір айды талап ететін ем-дом шараларынан кейін ғана кірісе алады.

image

Фото: np.kz

Бұл туралы «Алматы» арнасы хабарлайды.

Талғар ауданы ауруханасы директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаевтың айтуынша, Есентаева өзін ауруханадан жедел шығаруын өтінген екен.

“Болды, жетеді, ары қарай мен үйде жатып емделетін боламын” деген болатын. Мен жағдайы жақсы болып тұрған соң бұл талабымен келістім. Сондықтан үйіне шығарылды. Ол рухы мықты әйел. Жарақаттары ауыр болса да, бірде-бір рет шағым айтып көрмеді”, – дейді Сәрсенбаев.

Естеріңізге сала кетсек, Баян Есентаеваны өзінің жолдасы пышақтаған болатын. Жұбайлар арасындағы келіспеушілік Еңбекші ауылының маңында болған.

Тележүргізуші көптеген жарақатпен жедел Талғар ауруханасына жеткізілген. Ал оның жолдасы Бақытбек Есентаев қамауға алынды. Тергеу жұмыстары біткенше екі ай мерзім қамауда болмақ. Оған адам өлтірмек болды деген айып тағылған.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай


Жіберіп алмаңыздар:

Әсел Ақбарова күтпеген жерден Баян Есентаеваны алмастырды

Баян Есентаева жұртқа хан сарайындай үйін көрсетті (видео)

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

Баян Есентаева байқау ұйымдастырғанын ұмытып кеткен

Талқылау