Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева оқушы кезінде ұстазының өзіне ғашық болғанын айтты

Баян Есентаева көпшілікке уәде еткен кітабының үзінділерін жариялауда, деп хабарлайды Stan.kz.

баян есентаева8574112

Сұлулығымен талайды тамсандырған танымал продюсер мектеп кезінде-ақ талай жігіттің жүрегін жаралаған көрінеді.

“Мектебімізде орыс тілі пәнінің мұғалімі ауысты. Жас әрі сымбатты Қуаныш есімді азамат (өкінішке қарай, әкесінің аты есімде қалмапты). Ол 22 жаста болатын, ал мен 15-темін, сегізінші сынып… Ол уақытта ата-әжеме пәтер беріліп, олар орталықта орналасқан пәтерлердің бірінде тұратын. Бірақ мен мектебімді ауыстырған жоқпын, сол себепті оқуға автобуспен барып жүрдім. Ол күні бір бала мені аялдамаға дейін шығарып салды, отырдым, жеттім, Ленин даңғылындағы аялдамадан түсіп, өзімнің… жаңа ұстазымды көрдім! Ол маған: “Баян, сен кішкентай қызсың, ал менің жасым 22-де. Мен сені оқытуым керек, алайда мен сені сүйемін”, – деп айтты.

Мен үшін күтпеген жағдай! Мен үшін 22 жастағы жігіт ағамен тең болды. Ол аздай, бойы да екі метр, ал мен барлық мағынада кішкентаймын. Алайда ол қоймады, мені жақынырақ танығысы келетінін, күн сайын шығарып салғысы келетінін айтатын, ал өзі құдды басқа әлемнен келгендей: қымбат костюм, мәскеулік жоғары білім, галстук…” – деп жазды Баян Мақсатқызы желідегі парақшасында.

Screenshot_5

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы сүйіктісінің ұсынысын қабыл алғанын жариялады

Баян Есентаева кітабының үзіндісін жариялап жанкүйерлерін таңғалдырды

Әлемдік доданың бірінші кезеңін жеңген Димаш Құдайбергенов күллі қытайлықтарды таңғалдырды (видео)

Оның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес. Жақындары Мұрат Насыров жайында естеліктерімен бөлісті

Талқылау