Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова сымбатты актер мен сұлу актрисаға іздеу салды

Танымал продюсер Баян Алагөзова жаңа фильмнің түсіріліміне кіріспек. Мақсатқызы сымбатты актер мен сұлу актрисаға іздеу салып, кастинг жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Баян Алагөзова

“Назар аударыңыздар, кастинг! Shine production компаниясы толықметражды фильмнің түсіріліміне кіріспек. Басты кейіпкерлерді іздестірудеміз. 20-25 жастағы жігіт керек, бойы кемі 180 сантиметр, дене бітімі спорттық, түр-келбеті келісті әрі актерлік қабілеті болуы шарт. Сондай-ақ, 17-23 жас аралығындағы қыз керек, бойы кемі 165 сантиметр, сырт келбеті сұлу әрі актерлік қабілеті болуы тиіс”, – деп жазды ол Instagram-дағы ресми парақшасында.

Кастингке қатысам деушілер жеке мәліметтерін, фото мен видеоларды [email protected] поштасына жіберуі қажет.

Алагөзованың бұл жолы қандай фильм түсірейін деп жатқаны белгісіз.

Тағы оқыңыз: 

Балаларын сахнаға алып шыққан Роза Әлқожа “Қайрат Нұртасты қайталады” деп сынға қалды

Роза Рымбаева отбасылық өмірі жайлы: Гаражда қос-қос мәшине, гаухар тасты әшекейлерім болған жоқ

Қарақаттың 1 жасар қызы тұсауын кесетін адамды өзі таңдаған (видео)

Айсәуле Бақытбек: Ешкімнің өткенін бетіне басуға болмайды

Талқылау