Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова өз сөзіне қарсы шықты

Баян Алагөзова КешYou тобында ән салып жүрген қазіргі солистерге көңілі толмайтынын, тіпті топты қайта жасақтайтынын айтқан еді. Осыдан небәрі бір апта бұрын мәлімдеме жасаған атақты продюсер өз сөзіне қарсы шықты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Баян Алагөзова

Баян Мақсатқызы қазіргі құрамнан тек Балжан Бидашты продюсерлік орталығында қалдыратынын айтқан-ды. Музыканттар отбасынан шыққан Балжанды Баян ханым жеке әнші ретінде ел алдына шығармақ. Ал топтың өзге екі мүшесі – Назым Әбілдина мен Ақбота Құрманғалиді өз еркіне жібермек.

“Жаңа құрамды таныстыратын шығармын, себебі қазіргі құрам менің көңілімнен шықпайды. Жаңа қыздар бар, қазір олар дайындалып жатыр, бірақ нақты бекіткен жоқпын. Қазіргі қыздардан тек Балжанды қалдырамын. Оны енді жеке әнші ретінде шығарамыз”, – деген болатын Баян Мақсатқызы осыдан тура бір апта бұрын берген сұхбатында.

Ал күні кеше танымал продюсер мынадай мәлімдеме жасады:

“Құрметті БАҚ өкілдері мен event-орталықтар! КешYOU белгіленген жұмыс кестесі бойынша және күндіз-түні жұмыс істеуде. Топтың тарқауы жайлы ақпараттың барлығы шындыққа жанаспайды”, – дейді Баян Алагөзова.
Бұдан өзге, Мақсатқызы топты түсірілімдер мен арнайы кештерге шақыру үшін қандай телефон нөміріне хабарласуға болатынын атап көрсеткен.

Алайда желі қолданушыларының басым бөлігі Баян Мақсатқызының сұхбатын эфирден көргенін атап өткен.

“Өзіңіз айттыңыз емес пе, көңілімнен шықпайды, топты тарқатамын деп, енді мұныңыз қалай?” – деп түсінбестік танытты олар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)


Айтпақшы, соңғы сұхбатында Алагөзова қазіргі құрамның да жақсы табыс алып келетінін мойындаған еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау