Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көңілімнен шықпайды: Баян Алагөзова КешYou тобын қайта жасақтайтынын мәлімдеді

Осы уақытқа дейін құрам өзгерту жағынан рекорд орнатқан КешYou тобы қайта жасақталмақ. Топ продюсері Баян Алагөзова осындай мәлімдеме жасады. Айтуынша, қазіргі уақытта гелзбендте өнер көрсетіп жүрген қыздар оның көңілінен мүлдем шықпайды.

Көңілімнен шықпайды: Баян Алагөзова КешYou тобын қайта жасақтайтынын мәлімдеді

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алагөзова КешYou жобасын жақсы көретінін, тіпті қазіргі құраммен оның жақсы табыс әкелетінін жасырмады.

“Бізде 5 трек дайын. Оның ішінен екеуін таңдап, жаңа видео түсіреміз. Және де жаңа құрамды таныстыратын шығармын, себебі қазіргі құрам менің көңілімнен шықпайды. Жаңа қыздар бар, қазір олар дайындалып жатыр, бірақ нақты бекіткен жоқпын. Қазіргі қыздардан тек Балжанды қалдырамын. Оны енді жеке әнші ретінде шығарамыз”, – деп мәлімдеді Баян Мақсатқызы.

Сондай-ақ, Алагөзова жақында жарыққа шығатын “Тағдыр бекеті” фильмі жайында айта кетті.

“Біз бұған дейін үлкен экран үшін мелодрама түсірген жоқпыз. Бәрі ойдан шықты. Бұл фильмге бар жанымды салдым, себебі бұл менің бұрыннан ойымда жүрген жоспарым. Болжам жасағым келмейді, 24 қаңтар күні прокатқа шығамыз”, – деп қысқа қайырды танымал продюсер.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау