Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Байбек өзінің туған күнінде отандық фильмді көруге барды

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өзінің туған күнінде қазақстандық комедияның алғашқы көрерсетіліміне барды. Бұл туралы танымал әртістер желідегі парақшасында жазды.

19 наурызда Бауыржан Байбек 44 жасқа толды. Сол күні ол отандық “Той любой ценой” фильмінің алғашқы көрсетіліміне қатысты.

Сонымен қатар, Алматы әкімін өнер адамдары да құттықтады.

“Той любой ценой” фильмін бірге тамашаладық. Және Бауыржан Қыдырғалиұлын туған күнімен құттықтадық”, – деп жазды актер, тележүргізуші Бауыржан Сатов желідегі парақшасында.

“Қазақстандық киноны қолдағаны үшін әкім Бауыржан Байбекке көп рақмет. Сапалы қазақ киносын көрейік”, – деп жазды кинотеатр желісінің PR директоры Ерлан Бұхарбаев.

Еске сала кетейік, «Той любой ценой» кинокартинасы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 21 наурыздан бастап прокатқа шығады.

Тағы оқыңыз:

Дертінен айыққан Жанар Дұғалова қырғыз әншісімен дуэт жаздырмақ

Қайрат Нұртастың балалары концертте қандай өнер көрсетті (видео)

Қайрат Нұртас төрт баласын халыққа таныстырды (фото)

Ар-ұятты сатып ала алмайсың, балам: Тұрсын Алагөзов өзін сотқа берген ұлына жауап берді

Талқылау